Ендігі кезекте, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың "Әш-Шәкур" және "Әш-Шәәкир" есімдерін талдап өтеміз. "Әш-Шәкуур" есімі мұсылман жұртшылығы арасында кең тараған есімдер арасында айтылады. Осыған қоса ғұламалардың көп бөлігі "әш-Шәәкир" есімін көркем есімдер қатарына қосқан. Осыған орай біз де екі есімнің түбірі бір болуына байланысты екі есімді қатар талдап өтуді оңды көріп отырмыз.
Екі есімнің араб тіліндегі мағынасы келсек, "Шукр"-сөзі "шүкірлік ету, рахмет айту" немесе "мадақтау" дегенге жақын келеді. Бірақ, мадақ айту мен шүкірлік айтудың арасында кішкентай ғана айырмашылық бар.
Біз бір кездері Аллаһқа мадақ айтсақ, енді бір кезде шүкірлік айтамыз. Осы екеуінің арасында Мадақ айту /хамд/ кеңірек болып табылады.
Біле-білсек, Аллаһтың есімдері екі түрге бөлінеді. "Мутағадди /өтімді/" есімдер және "ләзим /өтімсіз/ " есімдер. Мутағадди есімдер дегені - Аллаһтың сипаттырының бірінің бізге жетуі яғни біз ол сипаттарды өмірімізде байқайтын сипаттар. Басқаша айтсақ, Аллаһтың бізге беретін нығметтері. Мысалы: "Мейірімді" есімін алсақ, біз Аллаһтың мейірім төгіп жатқанын бәріміз де байқаймыз, яғни өмірімізде осы есімнің жүзеге асып жатқанын байқаймыз. Немесе "Ризық беруші" есімі. Бұл да біздің бойымызға дарып, біз Аллаһтың берген ризығын қолданудамыз. Осы сияқты кейбір сипаттар, бізге өтсе, ол мутағадди есімдер болып саналады.
Ал енді кейбір есімдер Аллаһтың өз бойында қалып, біз өмірімізде көрмейміз. Мысалы: Аллаһ "тірі" деген сипат. Әлбетте Аллаһ тірі алайда Аллаһтың бұл сипаты бізге өтпейді. Немесе Аллаһтың "көруші " сипаты, "естуші" сипаты бізге өтпейді. Демек, егер Аллаһтың сипаты бізге өтіп, біз сол сипаттың нәтижесі жерде болып жатқанын көрсек, онда ол есімдер мутағадди деп аталады, ал егер де ол есімдер мен сипаттар нәтижесін көрмесек, онда ол "ләзим есімдер" болып қалады. Бірақ ол сипаттар жоқ деп айтылмайды.
Демек, енді адамдар мадақ айтқан кезде Аллаһтың барлық есіміне қатар айта алады, яғни "Тірі болған Аллаһқа мадақ", "Ризық берген Аллаһқа мадақ",-деп. Ал шүкірлік етіп, рахмет айтуда тек мутағадди есімдері үшін жасалады. Мысалы: "Ризық берген Аллаһқа рахмет, шүкір",-деп айта аласыз, бірақ, "Тірі болғаны үшін рахмет",-дей алмайсыз.
Ата-бабамыз "Ә, Құдай, бергеніңе шүкір" деп айтуы, сондай-ақ, жастайымыздан: "Кесірлік қылма, керісінше шүкірлік қыл",-дейтіні аталарымыздың діннен сауаты болғанын, Аллаһтың есімдеріне амал жасауға тырысқандығының белгісі. Шіркін, осыны қазіргі ұрпақ түсінсе игі!
Сондай-ақ, шүкір айтуды қалаған адам шүкірді жүрегімен де, тілімен де, денесімен де жасай алады. Мысалы, сізге Аллаһ бала берсе немесе тағы басқа бір нығмет берер болса, сіз жүрегіңізбен шынайы түрде Аллаһқа риза болсаңыз жүрегіңізбен шүкірлік еткен боласыз. Сондай-ақ тіліңізбен: "Шүкір Аллаһ" дей аласыз немесе шүкір етіп, сәжде жасайсыз дегендей. Ал мадақ айту тек қана тілмен жасалады. Яғни сіз "Аллаһқа мадақ"-деп тек тілмен айтасыз. Түсінікті болды деген ойдамын.
Енді "Әш-Шәәкир" есіміне келер болсақ, бұл Құранда 2 жерде келген. Мағынасы "Ризалық білдіруші"-дегенге жақын. Ал "Әш-Шәкур" есіміне келер болсақ, бұл Құранда 4 жерде келген. Қазақ тілінде "Шүкірлікті қадірлеуші, яғни Адамдардың істеген жақсы істерін бос жібермей, ризашылық білдіріп, істерін қадірлеп, сауап беруші"-дегенге жақын. Екі есімнің түбірі бір болуы себепті екеуі де "шүкірлікті қадірлеуші, ризалық білдіруші" деген мағына бере алады. Бұл егер екеуі жеке-жеке келсе осындай мағына береді. Ал енді екеуі қатар келсе Әш-Шәкуур есімі "Шүкірлікті қадірлеуші", ал "әш-Шәәкир" есімі "Ризалық білдіруші" деген мағына береді.
"Әш-Шәкуур" есімі көбіне "Әл-Ғафур /кешіруші/" есімімен бірге келеді. Сол себепті де ғұламалар мұны түсіндіріп: "Күнәләрды кешіріп, онымен қоймай жақсы істеріне разы болып, сауаптарын арттырушы"-деген. Демек, Аллаһ біздің кішкентай болса да жақсы істерімізге разы болып, сауабымызды еселеп береді. Бұл Аллаһтың кең мейірімділігін көрсетеді. Ондай болса біз де өз орнымызда жақсы амал жасап қалуға тырысайық. Біреулер: "Менің күнәм көп, қалай ғана кешірім сұраймын? Мен молдаларға барып, Құран оқытып қайтайын",-дейді. Жоқ. Аллаһ мейірімді, кез-келгеннің күнәсін кешіріп, жақсы амалы үшін сауапты еселеп береді. Ондай болса әрбір адам ешкімнен көмек сұрамай ақ, өзі үшін дұға жасағаны дұрыс болады. Бұл тіпті жақсырақ та.
Аллаһтың кеңшілігіне назар аударайықшы: Намаз оқимыз. Намаз оқуды қиынсынудың не керегі бар? Аллаһқа келіп кетер ешнәрсе де жоқ қой. Сіз намаз оқысаңыз - сізге сауап, өзіңізге жақсы. Оған қоса аз оқысаңыз да сауабын еселеп, толтырып, ризалық білдіреді Аллаһым. Осының өзінде қиынсынып, ерінуіміз оңды ма? Ақыл иесі үшін бұл бір мысал!!!
Демек, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шынайы түрде шүкірлік білдіруші, қадірлеуші ол Аллаһ. Аз амалға көп еселеп жауап беру ешқай жаратылыстың қолынан келмейді. Ал Аллаһ болса кез-келген шүкірлікті қадірлеп, аз амалдың өзіне еселеп сауап жазады. Ондай болса аз болған амалды менсінбеу дұрыс емес, бәлкім аз болса да жақсы амал үзілмей жалғасса жақсы болады. Аллаһ елшісі бір хадистерінде: "Жарты құрма болса да садақа беріп, өздеріңді оттан құтқарыңдар"-деген. Тағы бір хадистерде осындай кішкентай садақаның өзі таудай үлкен сауап болып қайтады делінген. Онда таухид, иман, намаз, ораза, зекет, қажылық, ілім алу сияқты үлкен амал жайында не демекпіз?! Бұларға одан да қатты көңіл бөлу керек етледі емес пе?! Ойланайық. Ақылды адамдар қайсысы дұрыс екенін өздері ажыратар.
Ал жамандық істері болса, олар тек сондай ғана болып жазылады, яғни күнәлі істің азабы көбейтілмейді. Ал жақсы іс еселеніп, арта береді. Аллаһу әкбар!!! Бұдан артық мейірім мен сый бар ма?!
Сондай-ақ, кез-келген адам Аллаһқа шүкір етуі уәжіп, яғни парыз. Себебі Аллаһ тағала Құранда: "Мені еске алып, маған шүкірлік етіңдер де күпірлік жасамаңдар"-деген. Бұл Бақара сүресінде келген. Демек, бұйрық райында келуі себепті бізге шүкірлік ету міндеттеледі.
Шүкір ету үшін үш нәрсе болу керек. Біріншіден: Аллаһтың берген нығметін шынайы түрде мойындау. (Мыс: Өзіңізде бар нәрсенің бәрі де Аллаһтан келгенін мойындау, өзіңіздің біліміңіз немесе күшіңіз емес). Екіншіден: Аллаһтың берген нығметін Оған бойұсыну мен құлшылық жасауда қолдану. (Мысалы: Тағам ішіп алып, басқа амалдармен емес, бәлкім Ислами пайдасы бар істермен шұғылдану). Үшіншіден: Аллаһтың сол нығметін сізге жеткізген адамға рахмет айту. (Мыс: Білім үйреткен адамға рахмет айту, ақша берген ата-анаға рахмет айту т.б Себебі бір хадисте: "Адамдарға рахмет айтпайтын адам Аллаһқа да шүкірлік етпес"-делінген).
Әрбір адам өзіне берілген нығметтерге мақтана бермей, бәлкім Аллаһтан келгенін мойындап, әркез Аллаһқа шүкірлік етуі керек. Сол үшін де ауыздан: "Аллаһқа шүкір"-деген сөз түспесе жақсы болмақ. Жүрегіміз Аллаһқа деген разылыққа толы болса мүлдем жақсы болмақ. Ал егер осының бәрін де құлшылық жасаумен бекітсек, әлбетте Аллаһ сол істерге сауапты еселеп берер. Аллаһ бізді осындай шүкірлік етуші құлдардың қатарына қосылуымызды нәсіп етсін.
Білім алу, білім үйрету, адамдарға дінді үйрету, оларды дінге шақыру, құлшылық жасау сияқты істердің бәрі де Аллаһқа шүкірлік жасау болып табылады. Ендігі кезек - амал ету ғана!!! Аллаһ тауфиқ берсін!
Аллаһтың қалауымен, бүгін "Әл-Ғазыйм" есімі айналасында сөз өрбітеміз. Бұл есім Құранда 9 жерде айтылған. (Солардың бірі Аятул Курсиде келген).
Ғазыйм сөзінің араб тіліндегі мағынасы-"ұлы, үлкен" дегенге жақын келеді. Ұлы Раббымыздың "әл-Ғазыйм" есімі "Өзінің билігінде аса Зор, ақылмен қамтып алу мүмкін болмаған өте Ұлы" деген мағына береді. Бұл еңбегімізде "әл-Ғазыйм" есімінің қазақша баламасын "аса Ұлы" деп беруді ұйғардық. Аллаһтың "Әл-Ғазыйм" есіміне иман келтірген жан мыналарды ескеруі керек:
Біріншіден, Шын мәнінде Аллаһ ең ұлы әрі ұлылықтың бәрі де тек Оған тән. Ол Өзінің есімдерінде де, сипаттарында да, естуі мен көруінде де, күш-құдіретінде де аса Ұлы. Ұлылығының шексіздігі сонша, тіпті жеті қат көк пен жеті қат жерді әрі олардың арасындағысын түгел сақтап, ұстап тұрады. "Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді және Ол аса Биік, өте Ұлы". (Бақара, 255).
Аллаһтың ұлылығын сөзбен жеткізіп, ақылға сыйғызу мүмкін емес. Құранда: "Олар оны толық біле алмайды",-деген. (Таһа, 110). Аллаһ өте Ұлы болуы себепті Оның заты мен сипатын танып білу мүмкін емес. Ондай болса оны елестетіп, бір затпен салыстырып жатуға болмайды. Шектеулі азғантай ақылымызбен шексіз Ұлы Құдіретті Аллаһты тани алмаймыз.
Кейбір пәлсапашылар осы мәселеде тереңдеп, Аллаһтың затын ақылдарымен бейнелеуге кіріскен-ді. Ақыры адасудың шегіне жетерлік сөздер айтып, өздері адасып, өзгені де алжастырды.
Раббысын танығысы келген адам Аллаһ елшісінің (с.а.с) жолын ұстанып, Құран мен хадистен іздегені дұрыс болады, себебі Аллаһ жайында Аллаһтың өзі артық біледі. Құран аяттарын оқып қарайтын болсақ, көптеген аяттардың соңында Аллаһтың есімдері мен сипаттары айтылады. Бұл құрдан құр есімдерді қайталай беру емес, бәлкім оқыған адам Аллаһты тану үшін осылай жасалған.
Аллаһты танығысы келген адам пайғамбар сүннетіне қарасын. Себебі ол кісі Раббымыз жайында бізден артық біледі әрі түсіну мен түсіндіру әдісі әлдеқайда дұрыстыққа жақын. Аллаһты Құран мен сүннетке негізделе отырып түсінген жан жетістікке жетіп, шынайы түрде Раббысын таниды, ал келте ақылымен шексіз Раббысын танып, зерттеймін деген адам адасуға душар болады.
Екіншіден: Барлық жаратылыс Аллаһты ұлықтап, ұлықтығын мойындайды. Демек, ұлылық-Аллаһ сипаты. Иә, әрине, адамдар да бұл сипат иесі бола алады, алайда адамның ұлылығы кемшілігі бар ұлылық. Ал Аллаһтың ұлылығы кемшіліксіз, өзіне тән түрде. Ақылмен суреттеу еш мүмкін емес. Жалпы ұлылық, тек Аллаһқа тән. Жеті қат көк пен жеті қат жерді әрі олардың арасындағының бәрін ұстап, билеп, басқарып тұрған Аллаһтың ұлылығын мойындамау мүмкін бе?! Біле білсек, бірінші аспан екінші аспан ішінде орналасқан. Ал екеуінің айырмашылығы-шөл дала мен кіп кішкентай сақинадай. Шөл далада жоғалған сақинаны таба аламыз ба? Мүмкін емес. Ал Аллаһтың ұлылығы мұның бәрін де қамтиды. Екінші аспан болса, өз алдына үшінші аспаннан кішкентай болғаны сонша, шөл даладағы кіп кішкентай сақинадай ғана болады. Бұл сенімді хадистерде айтылған. Демек, Аллаһ құдіреттілігінде, білімінде, барлық есімдері мен сипаттарында ең ұлы.
Үшіншіден: Патшаның ұлылығы тақтан түскенде доғарылмақ, жас жігіттің ұлылығы қартайғанда өшпек,байдың билігі кедейлікте үзілмек. Ал Аллаһтың билігі, құдіреттілігі, ұлылығы мәңгілік. Оған ешкім тең емес. Ондай болса Аллаһты ұлықтайық. Барлық жаратылыс та Аллаһты ұлықтайды. Ал Аллаһты ұлықтау қалай жүзеге аспақ?
Мұсылман адам әркез Аллаһты ұлықтаумен әуес болуы керек. Яғни, Аллаһты жалғыз жаратушы деп біліп, құлшылық атаулының бәрін де тек Аллаһқа арнап, есімдері мен сипаттарына иман келтіріп, қалай баян еткен болса тура солай қабылдап, ешкімге ұқсатпай, еш сипатын жоққа шығармауы керек. Аллаһты ұлықтайтын адам Аллаһтан келген елшілер, кітаптарды да ұлықтауы керек. Кез-келген елші қарапайым адамнан әлдеқайда қайырлы. Ондай болса, Пайғамбар хадистері келген кезде басқаның сөзі жоғары қойылмауы керек. Аллаһ кітабы Құраннан аят келгенде басқа кітап нұсқалары артық етілмеуі керек.
Сондай-ақ, Елшілерге еруші сахабаларды, олардан кейінгі ғалымдарды да сйылай білу керек. Олар пайғамбарлар мирасқорлары. Бірақ, пайғамбардан пайғамбарлықты емес, білімді мирас етіп алған. Діни ілім бізге жетпегенде күніміз қараң болар еді ғой. Ондай болса оларды сыйлап, оларға тіл тигізуден аулақ болу керек.
Құранде келген хабардың бәріне толықтай сену керек. Істе деп бұйырылғанды орындап, істеме деп тыйғанды тастау керек. Бір құлшылық бұйырылып тұрған кезде көкейіміз не дер екен деп емес, "Бұл Құдіретті Күшті, Ұлы раббымның әмірі ғой. Ал мен оның құлымын. Қасарысуым орынсыз болар"-деп, кірісіп кетуге ұмтылуы керек. Намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты басты тіректерге немқұрайлы қарамау керек. Біле білсек, біздің өміріміздегі қай-қандай әрекеттеріміздің бәрін қосса да бір намазға татымас. Аллаһтың алдында өлшеусіз байлық иесі-құлшылығы бүтін адам. Ал құлшылықсыз өткен адам-қанша жерден бұл өмірде жақсы боп өтсе де, ахиретте банкротқа ұшырағндардың қатарына ілікпек.
Мұның бәрі де Аллаһты ұлықтау болып табылады.
Бесіншіден: Басқа патша, аға, әкелерді де ұлықтаймыз, алайда оларды ұлықтауда шектен аспау керек. Оларды ұлықтау дегеніміз сыйлау және оларға бойұсыну. Ал Аллаһты ұлықтау ауқымы бұдан әлдеқайда кең. Патша сөзінен Аллаһ сөзі әрқашан биік тұрады. Тіпті ана-ана сөзінің өзі де Аллаһ сөзіне қайшы келсе, онда ата-ана сөзі тасталады. Яғни ата-анаң "Балам, намазды қайтесің. Әлі жассың"-деген сөз Аллаһтың "Намазды толық орындаңдар"-деген сөзіне қайшы келеді. Ондай болса бұл жағдайда кімнің сөзін орындаймыз? Бұл сұрақ сіздерге қойылған. Жауабын көкейлеріңізден іздеңіздер.
Алтыншыдан: Мұсылман адам әркез Аллаһты ұлықтап жүруі керек. Сол үшін де Аллаһ елшісі рукуғ жасаған кезде: "Рукуғте тұрсаңдар Аллаһты ұлықтаңдар"-деп бұйырған. Яғни "Субхана роббиәл ғазыйм"-деп айтыңдар деген сөз. Намаз оқитын адам күнделікті бес уақыт намазда осы сөзді қанша рет қайталайтынын білесіздер ме? Егер намаз оқымайтын адамдар мұны білсе, баяғыда намазға жығылар еді. Егер намаз оқымайтын адам жіберіп алған уақытының қаншалықты көп екенін сезсе, бәлкім үйден шықпай, құлшылықтан бас көтермес еді. Ойланыңыздар. Үміт есігін жаппаңыздар. Бәлкім, әлі де кеш емес. Тек, жан алқымға тығылып, соңғы деп келген кезде ғана бәрі де кеш болмақ. Ал енді кім өзі үшін мәңгі өмір сүремін деп кепілдік бере алады?
Жетіншіден: Аллаһты ұлықтау-ең ұлы нәрселердің бірі. Ал Аллаһқа серік қосу-ең үлкен зұлымдық. Аллаһқа серік қосудан сақ болыңыздар. Нег біз "Аллаһқа серік қосу-ең үлкен зұлымдық"-дейміз. Мұны Аллаһ Құранда неге осылай айтқан, яғни "Ең үлкен зұлымдық"-деп. (Лұқман сүресінің 13-ші аятын қараңыздар)
Зұлымдық деген не? Зұлымдық дегеніміз "Тең болған екі нәрсенің арасын бөлу немесе дәрежелері тең емес екі нәрсені теңестіру". Сөзіміз түсінікті болсын: Мысалы, екі шәкірт бір сұраққа бірдей жауап беріп, мұғалім біреуіне бестік қойып, екіншісін екілікпен шығарып салса дұрыс па? Жоқ, бұл зұлымдық. Немесе екеуінің біреуі дұрыс, біреуі қате жауап беріп, екеуіне де бес қойса ше? Бұл да зұлымдық.
Демек, 1 мен 2 тең емес. 4 пен 6 тең емес. Сіз 4 пен 6-ны тең десеңіз, зұлымдық жасаған боласыз. Ал 4 пен жетіні тең десеңіз одан да үлкен зұлымдық жасаған боласыз. Ал 4 пен 8 ді теңесеңіз, мүлдем дұрыс болмай кетеді.
Бұл жай мысал ғана. Ал енді түкке тұрғысыз жаратылыс пен жаратушыны теңесеңіз қалай болмақ? Міне, ең үлкен зұлымдық деген осы. Құдіреті шексіз, Ұлы Аллаһты біреуге теңесеңіз немесе біреуді Аллаһқа теңесеңіз ең үлкен зұлымдық жасаған боласыз. Ал ең үлкен зұлымдық кешірілмейді. Ондай болса құрбанымызды тек Аллаһқа арнайық, тілеулерімізді тек Аллаһтан тілейік, көз моншақ, тұмарға емес Аллаһқа сеніп, тәуекел етейік. Аллаһ қана сақтайды бізді. Нәубет жіберіп қояр деп әруақтардан емес Аллаһтан қорқайық. Біреудің сөзін емес, Аллаһтың сөзін тыңдайық. Ағайын, Аллаһ тауфиқ беріп, бәріміздің де жүрегімізді Исламға бұрсын! Әмин!
Араб тіліндегі "фәтх" сөзінің негізгі мағынасы "ашу" сөзіне жақын. Бір елді мекенді жеңіп алуда да осы сөз қолданылып, "жеңіс" мағынасымен де келетін тұстары бар.
Кейбір ғұламалар: "Дауласып кеп, үкім сұраушы екі топтың арасында үкім айтуда да осы сөз қолданылады",-дейді. Демек, бұл сөз жалпы "ашу, жеңіс және сот немесе үкім" мағыналарын береді. Бұл тілдік мағынасы. Енді Аллаһқа қатысты "әл-Фәттах" деп айтуымыздың мағынасы қандай? Бұл есім недей мағына береді?
Бұл есімнің Аллаһқа қатысты мағынасын түсіндірген ғұламалардың барлық пікірін алып қарайтын болсақ, жалпы алты көзқарас шеңберінен шықпайды. Біріншісі: Өзінің құлдарының арасында әділдікпен, шындықпен үкім жасаушы. Әлауддин Мансұр ағамыз осы көзқарасқа сүйеніп "Әділдікпен үкім жасаушы" деп аударған. Бұл "әл-Хаким" мағынасын береді.
Екіншісі: Өзінің құлдарына мейірім мен ризықтың қақпаларын айқара ашушы. Бұл көзқарасқа салсақ, қазақша баламасы "ашушы" дегенге саяды.
Үшіншісі: Өзінің мүмин құлдарына жәрдем беруші, залымның алдында зұлымдыққа ұшыраушыға демеу беруші. Бұл да әуелгі көзқарас мағынасына жақын.
Төртіншісі: Жалған мен хақтың арасын бөліп, ажыратушы. Осыған орай Халифа Алтай атамыз "Қара қылды қақ жарушы" деп аударған.
Бесіншісі: Өзінің құлдарының жүректерін ашып, ақиқат пен жалғанның арасын ажыратып беруші. Бұл көзқарас бойынша қазақша баламасы "ашушы" дегенге жақын.
Алтыншысы: Бұл есімнің мағынасы "жеңімпаз" деп келуі де мүмкін. Бұл имам Хаттабидың пікірі.
Қорытынды: Осы көзқарастарды талдап қарастыратын болсақ, әділдікпен үкім жасау дегеніміз – екі топтың арасындағы түсініксіздік түнегін жарып, бейнебір ақиқат нұрымен екі араны "ашқанмен" тең болады. Ал енді "жеңімпаз" дегеніміз өзіне қарсы келгендердің ашпай, бермей отырған қамалдары мен қақпаларын ашып, ішіне енушімен бірдей. Осыған орай бұл есімнің қазақша баламасын "ашушы" деп қалдырдық, алайда жоғарыда аталған алты пікірдің алтауы да осы есіммен тікелей байланыста болуы керектігін ескерген жөн.
Құдіретті Раббымыздың "әл-Фәттах" есімі Сәбә сүресінің 26-шы аятында аталып, Құранның бір жерінде ғана келген.
Осы есімге иман келтіруді мақсат тұтқан адамға айтарымыз:
1- "Әл-Фәттах" есімін "Әділдікпен үкім жасаушы" деген мағынасымен алар болсақ, Аллаһтың бұл дүниеде де, ахиретте де құлдарының арасында тек әділдікпен үкім жүргізуші екенін біле аламыз. Елшілер жіберіп, олармен бірге кітаптар түсіріп бұл дүниеде ақиқатпен үкім жасап, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, ашушы!
Аллаһтың құлдары арасындағы үкімі Құран және сүннетте толық баян етілген. Ондай болса бұл дүниеде үкім жасап, үкім шығарушы қайбір пенде болса да осы екі бастауға негізделген түрде немесе өзге біреудің заңына негізделген түрде үкім шығаруы мүмкін. Кімде-кім Аллаһтың үкіміне сай үкім шығарса, ол тиісті сауабын алады, ал енді кім Аллаһ шариғатынан өзге түрде үкім етсе, ол нағыз залым болмақ. Аллаһ тағала Құранда: "Кімде-кім Аллаһ түсірген (шариғат) бойынша үкім жасамаса, міне солар нағыз залымдар",-деген. (Мәйдә, 45).
2- Жоғарыда "әл-Фәттах" есімінің "Өз құлдары арасында әділдікпен үкім жасап, хақ пен жалғанның арасын ашушы" деген мағына беретінін атап өткен болатынбыз. Осыған орай ертедегі елшілер мен пайғамбарлар Аллаһқа дұға қылып, өздері мен қарсы келуші қауымдарының арасын ашып, ақиқат пен жалғанды айырып беруін сұрайтын. Нұх пайғамбар: "Раббым! Шын мәнінде менің қаумым мені өтірікке шығарды. Енді мені мен қаумымның арасына нақ үкім беріп (арамызды аш)! Мені және менімен бірге болған мүиндерді құтқара гөр!",-деді". (Шұғара, 117-118).
Шұғайып пайғамбар болса: "Раббымыз! Біз бенен халқымыздың арасын туралықпен үкім етіп (арамызды аш)! Сен үкім етушілердің ең қайырлысысың!",-дейтін. (Ағраф, 89).
Аллаһ Өзінің елшілері мен пайғамбарларының дұғаларын қабыл етіп, қауымдары мен олардың арасына әділдікпен үкім жасап, ақ пен қараны ажыратып, екі араны ашып қойды. Бұл Аллаһтың осы дүниедегі әділ үкім етуіне дәлел.
3- Қиямет күні де Аллаһ үкім етуде тек әділдік пен хақты алға қояды. Ұлы Раббымыз бұл дүниеде таласып-тартысқанның бәрін ашып, ортада әділ әрі дұрыс үкім жасайды. Аллаһ тағала Құранда: ""Раббымыз бәрімізді жинайды, сосын ақиқатпен арамызда үкім жасап, (арамызды ашады) және ол Ашушы, бәрін Білуші",-деп айт",-деп бұйырған. (Сәбә, 26). Сол күні Аллаһ Өзінің құлдарының арасына сот жүргізіп, араларын бөледі. Осы кезде адасқан мен тура жолдағылар анықталады. Кімнің-кім екенін ажыратуда Аллаһ ешкімге де мұқтаж болмайды, себебі оған жасырын әрі жария нәрсенің бәрі де белгілі. Сол үшін де Аллаһ тағала Қиямет күнін "Йәумул фәтх / ақиқат пен жалғанды ажырату күні/" деп атаған.
4- Аллаһ тағала "әл-Фәттах" /ашушы/. Кейбір пенделер қиындыққа түсіп, шығар жол таба алмай қиналғанында жолын ашып, ойламаған жерден шығар жол тауып береді. Біреулер кедейлікке ұшырап, бала-шағасына жеткізе алмай, байлыққа жол іздегенінде алды қараңғы, ешбір амалын таба алмай отырғанында себебін беріп, байлыққа қарай жолын ашып береді, себебі Аллаһ әр нәрсеге құдіретті.
Кейбір жандар ұлы Раббымыздың осы бір есімін есте ұстамауы себепті қинала қалса тәуіпке барып, құмалақ салып, жолын аштырып жататыны бар. Ал енді біреулері үш аяқты бақалар мен қарны қампиған пұттарға сеніп, "фэн-шуйға" сеніп, Аллаһтың сөзінен "буддизм" дінінің бір тармағы болған осы бір сиқырды артық қояды. Осылайша өзінің "ап-айқын пұтқа табынып тұрғанын сезбейді де"!!! Шын мәнінде күрмелген жолды ашушы, көкіректі ашып, иман ұялатушы, кеудені ашып, дұрыс ілім қондырушы, байлықтың есігін ашып, ақша беруші тек Аллаһ қана! Аллаһтан сұрасаң, одан өзгенің керегі де болмайды!
5- Көктер мен жердің құпиялары, нығметтері, ризықтары тек Аллаһтың қолында. Қайбір құлына жақсылық қақпасын ашып қойса, оған кедергі болар ешкім жоқ, ал енді жауып қойса, одан өзге ашып алар ешкім де болмайды. Қайбір құлына ілім беріп, құпия есігін ашатын болса, бұл тек Аллаһтың рұқсатымен. Ал енді қайбір затты құпия етсе, оны ақылмен де, техникамен де, басқа да құралдар күшімен білу мүмкін емес. Көктен жаңбыр жаудырып қойса, оны тоқтата алар ешкім жоқ, ал енді бір тамшы су бермей қойса, оны да ешкім тамыза алмайды!
6- Ұлы раббымыздың ашып қоятын ұлы нығметтерінің бірі – пенденің көкірек көзін ашуы. Адам баласы аузы бітеліп қалған бұлақтайын. Егер Аллаһ Өзінің пазылымен, Өзінің шексіз мейірімімен біреудің көкірек көзін ашатын болса, ол адам дінді дұрыс түсініп, даналық пен білімнің қайнар бұлағына айналады. Алайда бұл үшін де ықылас, тақуалық және шыншылдық керек етіледі. Сол үшін де ертедегі сахабалар мен ғалымдардың ілімі көп, санасы кең, түсінігі бол болып келеді, себебі олар әрбір ісі мен сөзін тек шындыққа негіздеп, өтірік сөйлеуден, білімсіз сөйлеуден аулақ болатын. Ықыластарын түзеп, Аллаһ ризалығы үшін үйренуге тырысатын. Аллаһ тағала: "Тақуа болыңдар, сонда Аллаһ ілім береді",-деген. (Бақара, 282). Аллаһым, көкірегімізді ашып, терең ілім нәсіп ет. Санамызды ашып, тұрақты амал нәсіп ет. Жүрегімізді ашып, шынайы тақуалық бере гөр!
Бүгін, Аллаһтың қалауымен Әл-Халим есімін түсіндіреміз.
Ғұламалардың "Әл-Халим" есімі төңірегінде айтқан ойлары екі мағына аясында жүреді. Біріншісі: "Ол шыдамдылық иесі. Құлдарының жасаған күнәлары, кәпірлердің күпірлігі мен мүшриктердің серік қосулары үшін жазалауға асықпайды, бәлкім, оларға мұрсат беріп, тәубе етулерін күтеді. Ол өте Ұстамды әрі Оны наданның надандығы, күнәкәрдың күнәсі дереу шешім қабылдауға итермелей алмайды",-деген көзқарас. Бұған салсақ, "әл-Халим" есімінің мағынасы "өте Ұстамды" дегенді білдіреді.
Екіншісі: "Пенделердің көптеген күнә мен кемшіліктерге бойалдырғанына қарамастан Өзінің жаратылысына толық нығмет беруші. Өзінің кең пейілділігімен күнәкардың күнәсына жаза емес, тәубе етуге мұрсат береді",-деген пікір. Бұл түсіндірмеден "кең пейілді" деген мағына шығады.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде "Мұлайым, жұмсақ, өте жұмсақ" деп берілген. Алайда біз ғұламалардың түсіндірмесіне сай бұл есімді "өте Ұстамды" және "Кең пейілді" деп аударуды ұйғардық, себебі "өте жұмсақ" деген мағынаны "әл-Латыф" есімі қамтиды.
Аллаһ тағала өте ұстамды, Өзінің құлдарын жасаған күнәлары үшін азаптауға, жазалауға асықпайды. Шынымен де, жер бетінде күпірлік жасап, серік қосудың теңізінде қалқып жүргендер қаншама. Бірақ, олардың бәрін бірден жазаламай, оларға жұмсақтық танытып, мұрсат беруде. Себебі Аллаһ ерекше мейірімді, өте ұстамды. Бір наданның надандығына бола тез ашуланбайды. Аллаһ азаптауға шамасы келмейді емес, келеді, бірақ, адамдар мұны тез түсіне қойса-шы! Әттең ақылдың келтелігі ай! Біреулер: "Неге зұлымдық жасап жатқандарды азаптамайды, неге адам өлтірушілерді жазаламайды!?" деп, Аллаһқа кінә таққылары келеді. Бәлкім, Аллаһ біз сияқты емес, Аллаһ ерекше мейірімді, ерекше жұмсақ, аса ұстамды.
Адамдар да өз бойында осы қасиетті тәрбиелегені артық болмас. Ашу үстінде жұдырық ала жүгіруден гөрі сабырлықпен ішіндегі ашу отын өшіргені жақсы.
Бірақ, нағыз жұмсақтық, нағыз ұстамдылық болу үшін даналық, ілім және құдірет керек. Осы үшеуі қосылған кезде ғана адамды ұстамды, сабырлы және жұмсақ деп атауға болады.
Себебі: егер даналық болмаса, онда орынсыз жерде жұмсақтық танытып, ауыз жауып қалуға болмайтын кезде ауыз жауып қалуы мүмкін.
Ал егер ілім болмаса, онда ненің жақсы, ненің жаман екенін білу мүмкін емес. Ал ондай кезде адамның жұмсақтығы ақымақтыққа жақын болады.
Ал егер күші жетпей әлсіз болса, онда ол өзінен күштінің бәріне жұмсақтық танытуы ғажап емес. Демек, жұмсақтық болу үшін даналық, ілім және күш болу керек.
Ал бұл Аллаһтың сипаттарында бар. Аллаһ ерекше хикмет пен даналық иесі, бәрін білуші әрі құдіретті. Аллаһтың жұмсақтығы ешқашан өзгермейді әрі мәңгілік. Ал адам болса өмірлік жағдайына байланысты бойындағы барлық қасиеті өзгеріп отырады. Ауру халдегі адам мен сау халдегі адамды салыстыра аламыз ба? Ашу үстіндегі адам жайында көп сөз қозғамай ақ қояйық.
Ал Аллаһ мұндай кемшілік атаулыдан пәк. Өзінің шексіз даналығы мен ілімі арқылы барлық жаратылысына жұмсақтық танытып, Құдіреттіліг арқылы тиісті жаратылыстың жазасын да беріп отырады. Мысалы: Перғауын халқының суға батырылуы, Нұх кезеңіндегі топан суды айтсақ та жеткілікті. Демек, Аллаһтың жұмсақтығы Оның әлсіздігі емес, Оның даналығы, Білушілігі әрі Құдіреттілігі. Құлдарының не істеп жатқанын білмей жатыр демейміз.
Осындайдан кейін Аллаһқа құлшылық жасаудан қалай ғана бас тартпақпыз?! Адамдар өз арасында "Таспен ұрғанды аспен ұр"-деп жатады. Ал енді Аллаһтың жұмсақтығын, мейірімін көріп жатқаннан кейін оған бойұсынудан бас тартамыз ба? Сонда біз "Мейірім бергенді таспен ұрғанмен бірдейміз ғой"! Аллаһ сақтасын. Аллаһ ескерту жібермей жатып ешкімді азаптамайды. Ал енді ескерту келгеннен кейін де өзінің бойұсынбаушылығын жалғастырушылар болса, шын мәнінде Аллаһ шексіз Құдірет иесі. Қалай азаптағысы келсе, Оның билігінде. Сақ болайық. Амал етейік. Асығайық. Жан алқымға тығылып, тәубе етуге үлгермей қалған кезде жағдай қиын болмақ. Өлімнен кейін не болатынын бір сәт ойлаңыздар.
Жұмыс жасаймыз, тырмысып, талпынып бір нәрсе жасаймыз. Ал өлген кезде не болмақ. Жуылып, көміліп, Аллаһ жаққа жөнелтілеміз. Ол жерде бізді байлық, мансап, атақ қорғамайды. Амалымыз бен сеніміміз керек етіледі.
Демек, Аллаһ мейірімінен күдер үзбей, беріліп жатқан жұмсақтыққа тиісті түрде жауап қатайық. Әлде біздің құлшылық қылмауымыз Аллаһқа зиян тигізеді дейсіз бе? Жоқ. Аллаһ бізге мұқтаж емес.
Аллаһтың жұмсақтық есімі бұл дүниеде бәріне тисе, о дүниеде кәпірлерге, серік қосушыларға тиісті болмайды. Олар осы есімнен құр қалады.
Азабы бұл дүниеде берілетін екі күнә-ол адамдар арасында тәкәппар болып жүру және ата-анаға қарсы шығу. Осы екі күнә үшін осы дүниеде азап беріліп, о дүниеде де жалғасын таппақ.
Осы жерде алтын әріппен жазылатын сөзді айта кеткім келеді: "Егер Раббың сенімен жұмсақ болсын десең, онда өзіңнің қарауыңдағыларға жұмсақ бол". Аллаһ тауфиқ берсін!
Араб тіліндегі "әр-ризқ" сөзінің негізгі мағынасы "пайдалануға жарайтын нәрсе". Бұл сөз қазақ тіліндегі "ризық, несібе" деген мағынаға жақын келеді. Бұл тілдік мағынасы.
Сондай-ақ, "әр-Раззақ" есімі күшейтпелі үлгіде келуі себепті "қайта-қайта, үзбей, бәріне ризық Беруші" деген мағынаны да қамтиды. Қазақша аудармаларда "ризықтандырушы, ризық-несібе беруші, ризық беруші" деп аударылған. Біз бұл есім баламасын "Ризықтандырушы" деп аудардық.
Бұл есім Құранда бір рет келген. Құдіретті Раббымыз: "Шын мәнінде Аллаһ Ол Ризықтандырушы, күш қуат иесі, өте Мықты" (Зәрият, 58), - деп, Өзін "әр-Раззақ" деген атпен бір жерде атап өткен.
Осы есімнің мән-мағынасын дұрыс ұғынып, толық түсінген адам мынандай пайдаларға қол жеткізе алады:
Шынайы ризықты жарату және Оны үлестіру ісі серігі жоқ, жалғыз Аллаһқа тән. Аллаһ тағала Құранда: "Олардан: "Сендерге көктерден және жерден кім ризық береді?",-деп сұра да: "Аллаһ",-де",-дейді. (Сәбә, 24).
Бұл аятта Ұлы Раббымыз ризық беру ісінің тек өзіне тән екенін білдірген. Ондай болса ризық тілеуде жалғыз Аллаһтан медет сұраған дұрыс болады. Әулие-әнбие, пұттар мен жалған құдайсымақтың ешқайсысы да ризық беріп, несібе арттыра алмайды. Жүрмей тұрған жұмысты жүргізіп, күрмелген жолды ашып, басымызға бақ, астымызға тақ беретін жалғыз Аллаһ қана. Аллаһ тағала Құранда пұтқа құлдық жасап, жалған құдайсымақтарға табынушылардың істерінің түкке тұрғысыздығын айтып: "Олар Аллаһтан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққа ие бол алмайтын әрі шамалары да келмейтін нәрсеге табынады",-деген. (Нахыл, 73).
Қабір аралап, өлілерден медет сұрап, әулиеге құрбан шалып: "Жолымды аш" - деп байбалам қағушылар да осы үкімге кіретінін көп жандар біле бермейді. Әруаққа ас бермесе ризығы азайып, жағдайы нашарлап, жолы күрмеліп, өзі бәленің астына көміліп қалам деп қорқатыны да бар. Сонда мұның бәрі де ризықтың Аллаһ тарапынан ғана келетінін мойындамаушылық екенін түсінсе игі еді!
*** "Бұл өмірдегі құбылыстар мен жағдайлар ғасырлар бойы айналып, қайталанып келе береді, ал өзгеретіні тек адамдар мен есімдер" деген сөз бар. Бұлай дейтін себебіміз, ертеде арабтар қыз туса "арым", деп, ұл туса "сорым",-деп, бай болса "ризығым азаяды" деп, кедей болса "өзіме жетпейді" деп, шақалақтарын тірідей көметіні бар-ды.
Осы бір жаман әдет қазіргі таңда да кең етек жайып, отбасылардың көбісі баласын тірі түсік жасап, алдыртып, ризығы үшін қам жеп, бала сүюден бас сауғалап қашып жатады. Бұлай деушілік Аллаһтың "ризықтандырушы" деген есімін білмегеннен ғана туады. Аллаһ тағала Құранда: "Аллаһ сендерді жаратқан, сосын ризықтандырған, сосын сендердің жандарыңды алады, сосын қайта тірілтеді", (Рум, 40) – деп, жаратудан кейін міндетті түрде әр пенденің, әр жандының ризығын беретінін айтқан.
Сонда олар Аллаһтың: "Жер бетінде қандай жануар болса да Оның ризығын Аллаһ қана үлестіреді",-деген сөзіне құлақ аспағаны ма? Ақылы болса өзіне келіп жатқан ризықтың қайдан, қалай келіп жатқанына көз салса несі кетер еді? Бәлкім, біреуге жеткен ризық екіншіге, екеуге жеткені төртеуге жетеді. Әр адам жаратылып, онымен бірге оның ризығы да жаралған. Жарық көрмек баланы тірідей түсіріп, Аллаһтың қаһарына ұшырап қалудан абай болыңыздар!
*** Ризық дегеніміз тек ішіп-жем тағам емес, бәлкім пенденің қол астындағы барлық мүлігі, оның тұрағы мен киімі, бала-шағасы мен туыстары, демалуы, күлуі, және т.б нәрселер. Бұл жалпы құлдардың бәріне де беріледі әрі "өткінші риызық" деп аталады.
Ризықтың екінші түрі мәңгілік пайдасы бар, жүректі азықтандырушы ризық, яғни білім мен дін. Ризықтың бұл түрі тырысушы мұсылман, мүмин құлдарға беріледі. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ,
Аллаһ тағала Ибраһимге: "Мен сені адамдарға басшы қыламын",-дейді. (Бақара, 124). Яғни дін саласында Ибраһимге басшылықты ризық етіп, тура жол мен анық сенімнің имамы қылуға сөз берген. Осы кезде Ибраһим: "Ұрпақтарымнан да ете гөр",-деп тілеп еді, Аллаһ тағала: "Ұрпақтарыңнан залымдар бұл сертіме қол жеткізе алмайды",-деп жауап қатады. (Бақара, 124). Демек, дін, тура жол ризығы тек тырысушы, ізденуші, талпынушы мұсылмандарға беріледі, ал зұлымдыққа, серік қосуға жақын жандар ризықтың бұл түрінен мақұрым қалады екен.
Сосын Ибраһим дұға қылып: "Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла гөр және оның тұрғындарынан кім Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірсе, оларды әртүрлі өнімдермен ризықтандыр",-деп жалбарынады. (Бақара, 126). Ибраһим Аллаһтан ризық сұрағанда тек Аллаһқа иман келтіріп, ахиретке сенгендерді атап өткен болатын. Сол үшін Аллаһ тағала: "Кәпірлерге де (ризық беремін)",-дейді. Яғни ризықтың өткінші түрі мұсылман-кәпір талғамайтынын меңзеп айтқан.
Осы аятты оқыған кейбір кәпір, дінге бойсұнбаған, Аллаһқа иланбаған жандар: "Аллаһ бәріне бірдей ризық берсе болғаны, одан артық не керек?!",-деп, өзіне басу айтуы ғажап емес. Аллаһ тағала осы аяттың жалғасында: "Сосын оны (осы дүниеде) азғантай алдандырамын да оны от азабына зорлаймын әрі бұл неткен жаман орын!",-деген. (Бақара, 126).
Осы бір аяттардан ғибрат алып, ойланар жандар аз сірә. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірімізде құлшылыққа уақыт таппай, таң бозара жұмысқа шапқылап, кеш қызара шалдығып, төсекке бас ұрып, өмірімізді мәнсіз, мағынасыз өткізгенімізге мәзбіз. Өткінші ризықты жинауға бар күшімізді салып, ахиретте азық болар мәңгілік ризыққа немқұрайлы қараймыз. Сонда бұл біздің ақылымыздың айнасы ма, жоқ ақымақтығымыздың соры ма?!
*** Аллаһ аса жұмсақ, тым кешірімшіл. Аллаһ елшісі (с.а.с) бір хадисінде: "Айтылған жамандыққа Аллаһтан артық шыдайтын ешкім жоқ. Біреулер Оны "баласы бар" деп балағаттайды, бірақ (Аллаһ) соның өзінде оларды кешіріп, ризықтандырады",-деген. (Муслим).
Сірә қазағымыздың "Таспен ұрғанды аспен ұр" деген сөзі осыдан шықса керек. Балағаттап, тіл тигізгенді кешіріп, қонаққа шақырып, жақындасып, достаса білу әрі кек алмауға тырысу мұсылманшылықтың белгісі.
*** Аллаһтың біреуді шексіз бай қылып, біреуге азғана мүлік беріп, кедей қылуы шексіз даналығының нәтижесі. Құранда бұл жайында: "Аллаһ ризық беруде біріңді-біріңнен артық қылды",-делінген. (Нахыл, 71).
Аллаһ тағала байлыққа лайықты адам мен лайықсыз адамды білуші әрі байлық беріле қалса жағдайы қандай болатынынан хабардар. Біреуге байлықтың берілуі оның абзалдығы емес, бәлкім көтере алушылығының арқасы, ал байлық берілмегені оны көтере алмайтынының белгісі. Біреудің басы кедейлікке душар болса жағдайы нашарлап, азғындыққа ұшырауы мүмкін, ал енді біреуі байлыққа қол жеткізсе шектен шығып, бұзықтықтардың кілті болуы да ғажап емес. Байлық пен кедейлік Аллаһтың даналығының нәтижесі. Құранда: "Егер Аллаһ құлдарына ризықты кеңейтіп жіберсе әлбетте жер бетінде бүліншілік шығарады",-дейді. (Шура, 27). Өзіне қажетті малдан артық ақша, артық байлық кеп қалса шектен шығып, жер жүзінде бүліншілік жасап кетуі мүмкін. Сол үшін аят жалғасында: "Бірақ, қалаған мөлшерде ризық береді",-деп, адамдардың қай жағдайы болса да Аллаһтың өлшемімен берілетінін білдірген. Себебі Аллаһ: "Өзінің құлдарынан Хабардар, әрі оларды Көруші". (Шура, 27).
*** Малдың көптігі Аллаһтың жақсы көретініне дәлел болмайды және адамның кедей болуы Аллаһтың азабына ұшырағандық емес.
Кейбір кәпірлер мен діннен хабары аз жандар осылай ойлап қалуы ғажап емес. Аллаһ тағала Құранда кәпірлер жайында: ""Біз көп мал мен бала-шағаға иеміз, сондықтан да азапқа душар болмаймыз",-дейді. Оларға: "Сөз жоқ, Раббым әлде кімге қаласа ризығын кең етіп, әлдекімге тар етіп береді. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді",-де",-деген. (Сәбә, 35-37). Ондай болса байдың байлығына қарап: "Маған неге бермейді?" деп кейіс білдіру орынсыз болмақ. Аллаһтың даналығын дұрыс түсіне алмайтын адамдардың қатарынан болып қалудан сақтасын Раббымыз.
Ал енді "Мен неге кедеймін?" деп қам жейтін жандар сабыр сақтап, Аллаһтың даналығына шек келтірмегені дұрыс. Мекке кәпірлері пайғамбардан әлдеқайда бай болатын. Бірақ, шынайы байлық мал емес, шынайы байлық – дін! Аллаһ елшісі (с.а.с) бір хадисінде: "Аллаһ сендердің денелерің мен келбеттеріңе қарамайды, бәлкім, сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды",-деген. (Муслим). Тіпті, кедей адамның жәннатқа байлардан бұрын кіретіні айтылған. Нағыз қуаныш сол кезде болмақ. Сондай-ақ, Аллаһ тағала: "Сол күні (дүниеде берілген) әр нығметтен сұраласыңдар",-деген. (Тәкәсур, 8). Осы бір аятқа сезіммен емес, ақылмен назар аударған адам байлықтың мәнін дұрыс түсінер!
*** Аллаһтан қорқу, тақуалық, Аллаһқа бойсұнушылық ризықтың артуының бірден бір себебі болып табылады.
Аллаһ тағала Құранда ертедегі кітап иелері жайында: "Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстінгі жақтарынан әрі аяқтарының астынан жейтін еді",-деген. (Мәйдә, 66). Тағы бір аятта: "Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып берер едік",-деген. (Ағраф, 96). Кейбір жандар өзі Аллаһқа серік қосып, оқылған намазы жоқ, тұтылған оразасы жоқ бола тұра: "Мен Аллаһқа не жаздым?",-деп, кедей болғанына кейіс білдіріп жатуы осы аят арқылы жауап беріледі. Ризықтың кілті тақуалық, бойсұнушылық болса, мұның керісі ризықтың азаюына да себеп болып жатады.
Біреулер бала табуды қиын көріп, ризықтың азаюынан қорқады, біреуі қонақ күтіп, ас пісіруден тартынады. Аллаһ тағала Құранда: "Кімде-кім Аллаһтан қорқатын (тақуа) болса, оған (Аллаһ) шығар жол тауып береді және оны ойламаған жерден ризықтандырады",-деген. (Талақ, 2-3).
*** Аллаһтың ізгі құлдары үшін әзірлеп қойған жәннаты, құлақ естімеген, көз көрмеген, суреттеп айту мүмкін болмаған бақтары – ризықтың ең ұлы түрі!
Сол үшін де Ұлы Раббымыз Құранның көп жерінде жәннатты "ризық" деп атаған. Құранда: "Иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі үшін. Міне солар үшін жарылқау, көркем ризық бар!",-делінген. (Сәбә, 4). Аллаһым, біздің өзіңнің жәннатыңа кіргізіп, ұлы ризыққа қол жеткізген құлдарыңның қатарына қоса гөр!
Бұл есімді Аллаһтан өзге ешкімге таңуға болмайды!
[caption id="attachment_169" align="alignnone" width="100" caption="Әл-Хабир (Толық Хабардар)"][/caption]
Ендігі кезекте Әл-Хабир есімін талдап өтуге тырысамыз. Негізінен араб тіліндегі "хибр" немесе "хубр" немесе "хибра" -мұның бәрі де қазақ тіліндегі "бір нәрсені білу"-деген мағынаға жақын келеді. Өзімізге таныс "Хабар" сөзі де осы сөзден туындаған, яғни жаңалық, жаңа мағлұмат деген мағынада.
Ал енді Әл-Хабир есімі Құранда 45 жерде келген. Бұл есім Аллаһтың хақысында "Хабардар, Хабарын білуші, Білуші"-деген мағыналарға жақын.
Аллаһтан артық білімдар, Одан артық хабардар ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Демек, Аллаһ барлық нәрседен хабардар әрі өзі жайында бізге де хабар беріп, үйреткен. Біз өздігімізден дінді біле алмаймыз бәлкім Аллаһтың көмегімен ғана. Ал Аллаһ тарапынан келген хабар ол-Құран және пайғамбар.
Жалпы, Әл-Хабир есімі түсінікті болды деген ойдамыз. Құранда: тақуалыққа, бойұсынушылыққа шақыратын аяттардың көбісінің соңында: "Аллаһ хабардар"-деп аяқталады, яғни "Әй, құлдарым. Осыны істеңдер. Себебі Аллаһ бәрін де біліп тұр. Сендердің не істеп, не ойлағандарыңды біледі. Еріншектікпен тастадың ба құлшылықты әлде өзіңнің нәпсіңе еріп кеттің бе оның бәрін де біледі" деген сияқты.
Мүжәдәлә сүресінің 11 аятында «Аллаһ араларыңдағы иман келтіріп, білім берілгендеріңнің дәрежелерін көтереді. Сондай-ақ, Аллаһ сендердің не істеп жүргендеріңді біледі»-деген. Иманды болуға және ілім алуға тырысайық!
Жалпы Аллаһтың бұл есім Әл-Ғалим есіміне мағыналас болуы себепті көп сөз қозғамай-ақ қояйық. Аллаһ сәттілік берсін!
29. Әл-Латыф
29. Әл-Латыф
Ассаләму алейкум. Бүгін, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың көркем есімдерінің бірі Әл-Латыф есімін талдап өтуге тырысамыз. "Латафа" етістігі негізінен қазақ тіліндегі "жұмсақ, нәзік болу"-деген мағынаға жақын. Алайда ғұламалар: "Егер бұл есім Аллаһқа қатысты айтылса, онда оның мағынасы екі түрлі болады. Бірінші мағынасы: Аллаһ өзінің жаратылыстарына жұмсақтық танытады. Яғни Аллаһ аса жұмсақ.
Екінші мағынасы: Тіпті көзге көріне бермейтін нәзік нәрселердің өзін де білуші"-дейді. Бұл есім Құранда жеті жерде келген.
Бұл есімге амал етуді мақсат тұтқан жан ең алдымен Аллаһтың өте Жұмсақ екеніне сену керек. Мейірімі мен Жұмсақтығы шексіз. Өзінің жаратылыстарының бәріне де қамқоршы әрі оларды жұмсақтықпен басқаруда. Шаршап шалдыққан кезде демалуымыз үшін ұйқыны жаратты. Ойламаған жерден ризық беріп, әрбірімізді азықтандырады. Қаншама күнә жасағандардың арасынан қалаған адамына жұмсақтық жасап, кешіреді. Қанша күнә жасасақ та ризық беруін тоқтатпай, жұмсақтығын төгуде.
Дінді жеңіл етіп, бізге жұмсақтық көрсеткен. Бір жақсылық жасасақ, есесіне он есе сауап алып, оны жеті жүз есе артық етіп береді. Бір кішкене құрма садақа етсек, оны есейтіп, сауабын ұлғайтып, ахыретте өзімізге қайта береді. Әлемдер Раббысы бола тұра біз сияқты түкке тұрғысыз жаратылыстардың жағдайын ойлап, дінді жеңіл еткен. Анығына келсек, біз Аллаһтың берген нығметін шынымен түсінетін болсақ, сәждеден бас алмас едік. Ондай болса қалай ғана шүкіршілік қылмасқа?! Қалай ғана Ұлы Раббымызға құлшылық қылмасқа?! Аллаһ-өте жұмсақ!
Тіпті ана құрсағындағы баланың өзіне ризық беріп, өзі жаратқан нәрсенің бәріне де мейіріміміен жұмсақтық жасаушы. Іште жатқан кезде кіндік арқылы, туылған соң көкірек арқылы тамақтандырған. Жұмсақтығы әрбір нәрседе көрінеді. Байқасақ, жас бала туған бетте емес, уақыт өте келе тіс шығады. Ал туған бетте тісі шықса, анасын жарақаттап алуы мүмкін. Демек, Аллаһ өзінің жаратқан нәрселерінің бәрін де жұмсақтық пен жаратқан.
Сондай-ақ, көзге көрінбейтін, өте нәзік болған нәрсенің бәрін де біледі. Аллаһтың білімі шексіз әрі осы дүниені нәзік түрдегі керемет жүйемен жаратқан. Әрі қанша жерден нәзік, ұсақ нәрсе болса да бәрі де Аллаһтың білімінен тыс қалмайды. Ешкім көрмейді-ау деп жасаған ісіміздің бәрін де көруші, ешкім естімейді-ау деп айтқан жаман сөзіміздің бәрін де естуші, себебі ол өте ұсақ, жасырын болған нәрсенің бәрін де білуші.
Аллаһтың осы есімін еске алған адам өзінің істерін ретке келтіріп, сөздерін жөнге қарай саптап, құлшылығын жалғыз Аллаһқа арнауы керек. Қиямет орнап, Аллаһ құзырына келген кезде айтар сөз, көрсетер амалдарымыз аз болған күнін еске алыңыздар. Өмір бойы жұрттың назарына "тақуа" боп көрініп, адамдар көзінен амалдарымызды жасырып, "ешкім біле қоймас" деген ұранмен кішігірім жаман қылықтарды жасаудан ада болайық. Аллаһ өте кіші, тіпті байқалмайды-ау деген сөзді де, істі де тіпті ойды да білуші. Аллаһтың мейірімінен үміт үзбей, салихалы құл болсақ, Аллаһ барлық күнәні де кешіріп жібереді, себебі ол өте жұмсақ! Амал етуге асығайық!
27. Әл-Хакам.
28. Әл-Хакийм.
Келесі есімдер Әл-Хакам, Әл-Хакийм. Мағынасы жағынан осы екі есімге жақын болуы себепті біз қолданып келе жатқан тізімге енбесе де, кейбір ғұламалар атап өткен әл-Хааким есімін де атап өтеміз.
Негізінен араб тіліндегі "Хакама" етістігі "Тыю"-дегенді білдіреді. Демек, араб тіліндегі "хааким" деген сөз мағынасы: "Алдына келген екі топтың өзара зұлымдық жасауын тыюшы"-деген мағынаға жақын болмақ.
Тағы бір мағынасы: "Сот, әділ түрде үкім жасаушы". Үшінші мағынасы: "даналық, хикмет" деген мағына береді. Бұл тілдік мағынасы.
Бұл есімдердің Құранда келуіне тоқталар болсақ, әл-Хакам есімі Әнғам сүресінің 114-ші аятында бір рет келген (6: 114).
Әл-Хааким есімі болса "ахсанул хаакимиин, хойрул хаакимиин", яғни "үкім берушілердің ең абзалы, ең қайырлысы" деген үлгіде тек көпше түр формуласына матаса байланысып, 5 жерде келген. Сол үшін де ғұламалар бұл есімді Аллаһтың көркем есімдеріне жатқызбайды. Біз де бұл тізімге қоспадық.
Әл-Хакийм есімі болса Құранда 94 жерде келген. Соның бірі Бақара сүресінің 228, 240-шы аяттарында.
Жоғарыда біз "хакама" етістігінің тілдік мағынасы тыю, үкім жасау және дана болу мағыналарымен келетінін айтып өттік. Енді бұл есімдер Аллаһқа қатысты айтылған кездегі мағынасы қалай болады?
Алдымен, әл-Хакам есімін алып қарайтын болсақ, мағынасы: "Ең әділ түрде үкім жасаушы". Ондай болса бұл есімді ешқандай адам өзіне тағып, өзін "Әл-Хакам немесе Хакам"-деп атауы дұрыс болмайды, себебі дұрыс түрде, еш зұлымдық жасамай үкім жасау тек Аллаһқа тән. Аллаһ - Әл-Хакам, яғни үкім жасауда одан әділ ешкім жоқ әрі Оның сөздерінің бәрі де шын.
Үкім жасау Аллаһқа тән әрі шешімі қиын нәрселердің бәрі де Аллаһқа қайтарылады. Сол үшін қандай шешімі қиын жағдайға тап болса да адам Құранға, шариғатқа назар аударуы тиіс. Әлбетте ол барлық қиындықтың жауабын тек шариғаттан табады.
Ал енді Әл-Хакийм есіміне келер болсақ, мағынасы қазақ тіліндегі "Дана, даналық иесі"-деген сөздерге жақын. "Даналық" дегеніміз - "Әр нәрсені тиісті орнына қою"-деген сөз. Шынымен де, байқап қарасақ Аллаһ тағала осы жаратылыста әрбір нәрсені өзіне тиісті орнында жаратқан ғой. Теңіздегі балықтардың тыныс алу мүшелері мен біздің тынысалу екі бөлек. Біз құрғақ жерде жүрсек, олар теңіз бен көлдерді мекен етеді. Баланың жатырда дамуының әр кезеңі өзінше керемет. Мұның бәрі де Аллаһтың шексіз даналығының айнасы. Бұл әлем толығымен даналықпен жаралған.
Аллаһтың даналығында шек жоқ. Жіберген діні де даналыққа негізделген. Шариғаттың не үшін керек? Шариғат - адамның бес нәрсесін сақтау үшін құрылған: Жанын, малын, арын, дінін және ақылын. Кез-келген күнәлі іс осы бес нәрсенің құруына себепші болады, ал кез-келген сауапты іс осы бес нәрсенің қуаттануына себепші болады. Бұған дәлел келтіріп жатпай-ақ қояйық, бәлкім, кез-келген күнәлі істі алып қарап көріңіздерші. Бұған көз жеткізу қиын емес.
Енді осы есімдерге амал етуге назар аударсақ, ең алдымен Аллаһтың дана екеніне әрі үкім шығаруда ең әділ екеніне иман келтіреміз. Сөзі Құран да, шариғаты да даналық негізінде құрылған. Сырт көзге ерсі көрінген үкімдердің өзі біз үшін "тұрпайы" болса да, Аллаһтың даналығы шексіз. Шариғатта зина жасаушыны таспен атып өлтіру үкімін естіген біреу: "Әй, ол не жазды? Таспен атпаса болмай ма?" деп таңқалғаны бар. Біле жүріңіз, таспен ату сырт көзге тұрпайы көрінеді ғой, бірақ, ахиреттегі азаптан гөрі бұл дүниеде жеңіл азап көрген әлдеқайда абзал. Өзіңізді сол тас боран болған адам орнына қойып көріңізші. Шұңқырда, айналаңыз толған адам. Әрбірі қолына тас алып, сізге атқылап жатыр. Бірі шекеден, бірі денеден, тиген жерің борс етіп, ауырып сыздайды, басың мең-зең. Аллаһым өзің сақта. Ия, қиын көрінетіні рас. Ал енді ахирет азабы бұдан да қатты! Аллаһ тағала бұл жайында көп ескертеді. Тас боранның астында жатқан адам ахиреттегі азапты білсе сол тасборанның астында жата берсем екен деп армандайды. Мұны тек түсіне алатындар түсінеді!
Екіншіден, ешбір адам өзін Әл-Хакам немесе Хакам деп атай алмайды, себебі бұл есім Аллаһтың өзіне ғана тән.
Үшіншіден, үкім жасау тек Аллаһқа лайық. Яғни бір нәрсені харам немесе хәләл деп тағайындау Аллаһтың еншісінде. Ондай болса шариғатта адал болған нәрсені арам деп, немесе арам болған нәрсені адал деп білу дұрыс болмайды. Бұл ісімен ол өзін Аллаһқа теңеген болып табылады. Шариғатта болмайды деп келген нәрселерге сылтау іздеп, салт-дәстүрге, өзіне ұнайтынына қарай бұрмалап, рұқсат етуге болмайды.
Төртіншіден: Аллаһтың бұл екі есімі өз бойында қалған есімдердің бәрін де қамтиды. Яғни дана болу үшін естуші, көруші, білуші, мейірімді, рахымды болу керек. т.б
Бесіншіден: Аллаһ өзі қалаған түрде үкім жасайды. Демек, шариғаттағы үкімдер адамдарға ұнағанындай емес, бәлкім Аллаһқа ұнағанындай жасалған. Арабтарда мынандай мақал бар: "Мен қалаймын, сен қалайсың алайда Аллаһ өзінің қалағанын жасайды" деген. Демек, біздің міндет - себептерін жасау, ал үкім шығарып, оны болдыру Аллаһтың қалауында.
Алтыншыдан: Аллаһ барлық нәрседе дана әрі жаратқан нәрселерінің бәрі де шексіз даналықпен жаратылған. Бұған көп сөз қозғап, дәлелдер келтіріп жатудың керегі жоқ. Айналаға бір көз салсақ, осының куәсі боламыз. Аллаһ тағала Құранда: "Ол жеті қат аспанды қабат-қабат етіп жаратты. Оның жаратуында бірер кемшілік көрмейсің"-деген. (Мүлік сүресі, 3 аят)
Жетіншіден: Адамдар да даналық иесі бола алады, алайда Аллаһтың даналығы шексіз, ал адамдардың даналығы шектеулі. Адамға берілетін даналық Аллаһ қалаған мөлшерде ғана берілмек. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ демекші, бір жерде дұрыс сөйлеп, дұрыс істесе де, бір жерде қателесіп қалу адам табиғаты. Ал Аллаһ мұндай кемшілік атаулыдан пәк. Бірақ, соған қарамастан Құраннан, хадистен ақау іздеуші адамдарға таңым бар!
Сегізіншіден: Дінде тек екі нәрсені қызғануға болады: Байлық және даналық. Аллаһ елшісі (с.а.с) бір хадисінде: "Екі нәрседен өзгеде қызғану болмайды: Бір адамға Аллаһ мал беріп, ол оны хақ жолында жұмсауын және Аллаһ біреуге даналық беріп, ол сол арқылы үкім жасап, өзгелерге үйретуін",-деген. (Бұхари). Демек, даналық, терең түйсік, әділдік сипаттарын қызғануға болады. Қызғанғанның өзінде: "Ана адамдағы даналық құрып, есі ауысып кетсе екен, менде даналық болса екен" деп емес, керісінше: "Шіркін, ана кісінің даналығындай даналық менде де болса екен. Аллаһым, оның даналығын арттыра көр!" деп қызғану керек.
Тоғызыншыдан: Құранда пайғамбарымызға "Біз кітап және даналық бердік" деп, Аллаһ тарапынан Аллаһ елшісіне (с.а.с) Кітап пен даналық түскені айтылады. Естеріңізде болсын, Құранда "Кітап" деп келген сөз астарында "Құран Кәрим", ал "даналық" сөзі астарында "сүннет" меңзеледі. Пайғамбар сөздерінің бәрі де Аллаһ тарапынан, себебі ол кісі өз ойынан сөйлемейтін, бәлкім бәрі де көкейіне салынған уахи ғана. Аллаһ тауфиқ берсін!
26. Әл-Уәһһәб
26. Әл-Уәһһәб
Араб тіліндегі "Уәһәбә" етістігі "сыйлау, беру, тегін беру" деген мағыналарды береді. Ал осы етістікті атқарушы адамды "Уәһиб" дейді. Аллаһтың әл-Уәһһәб есімі осы етістікті көп атқарушы, яғни көп сыйлық беруші деген мағынамен, күшейтпелі үлгіде келген.
Аллаһтың әл-Уәһһәб есімі қасиетті Құранда 3-жерде келген. Бірі Әлі Ғымран сүресінің 8-ші аятында (3: 8): "Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз, сен өте берегенсің",-деп келсе, екеуі 38-ші реттікпен келетін Сад сүресінің 9-шы және 35-ші аяттарында келген.
Халифа Алтай атамыз (ол кісіге Аллаһтың мейірімі жаусын) бұл есімді бір жерде "Береген" деп, екі жерде "Өте жомарт" деп берген. Әлауддин Мансұр ағамыз "Сыйлаушысың" деп, қалған екі жерде "Өте жомарт" деп аударған. Демек, "Береген" десек те, "Сыйлаушы" десек те бұл тек "Өте жомарт" болғанның сипаты. Ал Аллаһ нені сыйлаушы? Нені тегін беруші?
Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде осы есімді түсіндіре келіп: "Шын мәнінде Аллаһ тағала өзінің құлдарына тауфиқ, дінде тұрақтылық, туралық, елшілері мен кітаптарын растау қасиетін беруші",-дейді. Қазақ тілді оқырман қауым осы бір сөйлемдегі "Тауфиқ" сөзін түсінбесе түсіндіріп өтейік. "Тауфиқ" – қазақ тіліндегі сәттілік сөзіне жақын мағынада. Бірақ, тауфиқ дегеніміз Аллаһтың өз жаратылыстарына берген ҮЛКЕН нығметі. Неге олай дейміз?
Тауфиқ екі түрлі болады. Бірі – тауфиқу бәйән, екіншісі тауфиқу һидая.
Тауфиқу бәйән дегеніміз – барлық жаратылысқа Аллаһ жайында, дін жайында хабардың жеткізілуі. Яғни қай адам болса да оған Аллаһты, дінді тану сәттілігі түскен. Біздің дәл қазір осы есімдерді оқып отыруымыз да осы тауфиқ түріне жатады. Күнделікті бір хадис, жаңа аят, жаңа үкім естіп жатуымыздың бәрі де тауфиқу бәйән деп аталады.
Ал тауфиқу һидая дегеніміз – естілгенге сәйкес амал жасай алушылық. Яғни Аллаһ сәттілігін берсе ғана адам осы айтылғанға амал жасап, тиісінше тура жолға түспек. Қазақ атамыз бір істі бастарда "Аллаһ сәтін берсін" дейтіні де осыдан шыққан, яғни Аллаһ тауфиқ берсін деген сөз. Біз қазір осы есімдерді оқып болған соң тиісінше амал жасап, есімді жаттап жүрсек, демек біз екі тауфиққа да қол жеткізгендерден боламыз. Ал егер тек оқып, артынан бұрынғы қалпымыздан өзгермесек, онда тауфиқтың бірінші түрін алып, екіншісінен мақұрым қалған боламыз, Аллаһ сақтасын.
Міне, Аллаһ осы тауфиқты өзінің құлдарына сыйлаушы. Білім алам десең оны беріп, тура жолға талпынсаң, екіншісін де береді. Ал егер сынап, сыбап, тәкаппарланып келетін болсаң, онда тауфиқтың екінші түріне қол жеткізу екіталай. Бірақ, біле жүріңіз, тауфиқтың екі түрінің екеуін қатар қамтымайынша адам жетістікке жете алмайды. Кәпірге де, екіжүздіге де тауфиқу бәйән, яғни Аллаһ жайындағы, дін Ислам жайындағы хабар келген ғой. Бірақ, тауфиқтың екінші түрі жетті ме?! Жетпеген. Ал оны Аллаһ неге бермеді? Себебі олар өздері тәкаппарланып, тура жолға кеуде керді, мойындамады. Міне сол үшін де арты жаман боп аяқталады олардың, Аллаһ сақтасын. Демек, Аллаһ тауфиқтың екі түрін де сыйлаушы. Қабыл аламын дегені мерейі үстем болып, қарсы келгені өзі үшін жамандық жасап алады.
Аллаһ сыйлаушы. Билікті де, пайғамбарлықты да, мүлікті де, білімді де сыйлаушы. Адам мұны өзінің әрекетімен теріп алмайды, бәлкім, бұл Аллаһ сыйлығы. Ондай болса білімді де, байлықты да, бақытты да кімнен сұрау керек? Әлбетте, сол заттардың иесі болған Аллаһтан.
Аллаһ тағала бізге барлық затты сыйлаушы әрі оның орнына еш нәрсе сұрамайды. Барлық мүліктің басы Аллаһта. Осы жерде біреулер сұрақ қойып: "Мен не жаздым? Маған неге бермейді?" дейді. Бірақ, есте ұстаңыз:
Біріншіден, Аллаһқа шек келтіріп, міндет қоюға болмайды. Жаратушың нені жаратса, қалай жаратса да өзі біледі.
Екіншіден: Аллаһ кімге беру керек, ал кімге беру керек еместігін де өте жақсы біледі. Ал сырт көзге сіз өзіңізді соған лайықпын деп білсеңіз, біліміңіз Аллаһ білімінен артық деп ойлағаныңыз. Өзіміздің амал, жүріс тұрысымыз бен сөзімізге қарайық. Біреулер: "Адамның ала жібін аттамаймын" деп, өзі намаз оқымайды, тиісінше Ислам ұстындарын ұстанбайды. Сонда ол адамның ала жібін аттамай, Аллаһтың ала жібін аттағаны ма? Осыдан кейін: "Маған неге бермейді?" деп даурығуы орынды ма?
Үшіншіден: Аллаһ адамға шамасы келетін түрде ғана береді. Ал шамасы келмейтін адам сынып қалмасын деп, оған кейбір нәрселерді бермеуі де мүмкін. Ауыр көтеру спортымен шұғылданатын жас бала әлем чемпионына жүктелген салмақты: "Неге маған осы жүкті бермейді? Мен де чемпион болайын?" деп айтса ақылға қона ма?!
Төртіншіден: Аллаһ біреуге бір затты сыйлап, екіншіге сыйламауы артында үлкен даналық жатыр. Оны кішігірім миымызбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Ия, мүмкін бір қанышер, қаныпезер адам бай болуы мүмкін. Бірақ, шайтан бұл дүниемен алдамасын сізді. Нағыз байлық ақша емес, нағыз байлық – тура жол. Аллаһ біреуге байлық беріп, ол оны көтере алмай, ақыры бұзыла бастаса, адасқанының үстіне адастырады. Сонда да әлгі жан сияқты болғыңыз келе ма?! Жоқ барға тәубә деп, қанағат еткен абзал ма?!
Бесіншіден: Ұлы Аллаһ кейбір құлдарын сынап, кейбір ризықты бермеуі мүмкін. Осы сыннан оңды өткен адамға одан артығы дайын тұрады.
Алтыншыдан: Барлық адамға қатар билік, байлық беріп қойса, өмірдің мәні не?
Жетіншіден: Адам өзінің ғұмырында тиісті ризығынан артық ризық ала алмайды әрі оның маңдайына жазылған ризықты ешкім де азайтып тастай алмайды. Сабыр етіңіз. Дүниелік нәрседе өзіңізден төмен жанға қараңыз. Мүмкін шүкіршілік жасарсыз. Ал діни істерде өзіңізден алға озғандарға қараңыз. Мүмкін талпынарсыз. Бір қызығы, адамдардың көбісі Аллаһтың сыйлаушы деген есімін естісе болғаны, ойларына тек қана "ақша, мүлік, билік" келеді. Бұл дүниелік нығметтер ғой. Бірақ неге о дүниелік нығметтерді ойламасқа?!
Сол үшін Аллаһтың "Тура жол" деп аталатын баға жетпес сыйына асығыңыздар.
Ескерту: Біреу сізге бір затты сыйлаған болса, ол адамды "Уәһһәб" деп атауға болмайды, себебі бұл тек Аллаһ сипаты. Ал ол адам бар болғаны "Уәһиб", қарапайым сыйлаушы. Бірақ, шынтуайтына келгенде ол адам Аллаһтың сыйын сізге қарай ауыстырушы, себебі барлық мүлік иесі тек Аллаһ. Сізге біреу қарапайым бір затты сыйласа асты үстіне түсіп, рахметіңізді жеткізе алмай жатасыз. Ал енді осы дүниеде тура жол беріп, өзінің нығметтерін сыйлап жатқан раббыңызға неге рахмет айтпайсыз?! Денің сау кезде құлшылыққа бой ұрсақ қандай жақсы болар еді?! Шүкіршілік етейік! Тура жол, ілім, ақыл, бала, пана, денсаулық, байлық, билік, парасат, шаттық сыйлаған ұлы Раббымызға құлшылық етейік. Құлшылығымыз Аллаһқа бірер зиянын не пайдасын тигізе алмайды, бәлки, мұның бәрі де тек өзімізге "сауап" болып, кері сыйланады! Аллаһ тауфиқ берсін!
Адам есіміне қолданылғанда "Абдулуәһһәб" болады.
24. Әл-Қоһир,
25. Әл-Қаһһар.
Бұл екі есім де араб тіліндегі "Қаһр" сөзінен туындап, басым болу, үстінен алу, үстем болу деген мағыналар береді.
Қаһир есімі Құранда 2 жерде келген. (Әнғам, 6:18, 6:61 аяттары). Ал әл-Қаһһар есімі 6 рет айтылған. (Мысалы: Ғафир, 40:16).
Әл-Қаһһар есімі әл-Қоһир есімінен қуаттырақ, асырмалы шырай формасымен келген. Демек, әл-Қоһир мағынасы "үстем, үстемдік етуші, басым болушы" болса, әл-Қаһһар мағынасы "аса үстем, тым басым" деген мағына береді.
Ол өктем, бірақ, оған өктемдік жүрмейді. Аллаһқа боұсынбаймын деген адам Аллаһ берген ауамен демалмасын, ауру келсе ауырмасын, туыстарын сақтап қалуға тырыссын, жермен жүрмесін жалпы, Аллаһ жаратқан жаратылыстан өзге жерде өмір сүрсін, әйтпесе, осы нығметті бергенге бойұсынсын, өктемдігін мойындап, намазға келсін!!!
Бұл сипат Аллаһқа қатысты айтылғанда Оның ұлылығын көрсетсе, адамдарға айтылғанда ол адамның залымдығын, қатыгездігін білдіреді. Яғни, Аллаһ өктем деген сөз, Аллаһ бәрінен де басым. Ал өктем адам деген сөз, залым деген мағына береді. Тәкаппар деген есім сияқты. Егер адамға қатысты айтылса, кеуде керуші, мақтаншақ деген мағына беріп, Аллаһқа қатысты айтылса, "Ұлы, үлкен, зор" деген мағына береді. Сол үшін Дұха сүресінің 9 аятында (93:9): "Жетім болса, оған өктемдік жүргізбе!",-деген.
Демек, Аллаһ өктем (әл-Қоһир). Бірақ, кейбір адамдар да Қоһир деп сипатталуы мүмкін. Ал әл-Қаһһар деген есім тек қана Аллаһқа тән, себебі барлық өктемшінің үстінен қараушы өктемдік иесі біреу. Ол-Аллаһ субханаһу уә тәғала!
22. Әл-Ғафуур
23. Әл-Ғаффар
Келесі екі есім әл-Ғафуур және әл-Ғаффар, бұған қосымша кейбір ғұламалар атап өткен әл-Ғафир есімі үшеуі де араб тіліндегі "Ғафр" сөзінен туындайды. Тілдік мағынасы жасыру сөзіне сәйкес.
Әл-Ғафуур есімі Құранда 91 жерде келген. Әл-Ғаффар есімі 5 жерде келіп, әл-Ғаафир есімі болса Ғафир сүресінің 3 аятында бір рет келген. Сол үшін де ғұламалардың көп бөлігі бұл есімді атап өтпеген.
Бұл үш есім де өзара жақын мағыналас, "жасыру" мағынасын береді. Яғни Аллаһ тағала құлдарының күнәларын жасырушы, артынан азапқа салмайды.
Әл-Ғаафир – құлдарының күнәларын жасырушы. Әл-Ғаффар – күнәларын көп жасыру. Ал әл-Ғафуур болса алдыңғы екеуінен де артық. (Қазақ тіліне аударылған кітаптарда бұл есімдер кешіруші, жарылқаушы деп келген. Аударма қате деп саналмайды, себебі Аллаһ күнәні жасырып жібереді әрі артынан азап болмайды. Ал бұл кешіру деген мағынаны береді).
Бұл дүниеде кейбір силы, адамдар алдында мәртебелі адамдар сол дәрежеге өзі жетті ме? Жоқ, бәлкім Аллаһ оның істеген күнәларын адамзат көзінен жасырып, сол үшін де оның мәртебесі жоғарылаған. Шындығына келсек, егер адамның жасаған күнәлары жасырылмайтын болса, әлбетте масқарасы шығып қалар еді. Тек иман келтіріп, жақсы амал жасағандардан өзгесі!
Бірақ, күнәм жасырылады екен деп, жамандығын асырып, күнәсын тысырып асыр салуға тағы болмайды. Бәлки, шама келгенше жақсылыққа жақын болып, жамандықтан алыс бола білу керек. Бұл берілген нығметті дұрыс пайдалана білу керек.
Күнә жасаған адам Аллаһтың кешіріміне қарай ұмтылуы керек. Ал ол қалай жүзеге асады? Аллаһ тағала Құранда: "Шын мәнінде кім зұлымдық жасаса, сосын сол жамандығынан кейін оны толығымен жақсылыққа ауыстырса, шынында мен Аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін",-деген. (Нәміл, 11). Демек, күнәлардың жасырылып, толығымен жоғалып кетуінің шарты – артынан жақсы амал жасау, шынайы тәубе ету. Ал егер кешірім сұрап қойып, өзі сол күнәнің орнын толтыратын жақсылық жасамайтын болса, онда ол сол ісі үшін азапталып барып қана кешірілуі мүмкін, Аллаһ сақтасын. Осы жайтты есте сақтау керек.
Тағы бір ескертпе: "Ниетім таза, жүрегің ақ болса болды, Аллаһ бәрін кешіреді",-деген сөз негізі жоқ сылтау ғана. Әлбетте, жүрек таза болу керек. Бірақ, бұл сөзді жиі қайталап жүретін адамдар көбіне бұл сөзді өзіне сылтау етіп, өзі араққа, бос әурешілікке салынып, намаз оқымауға, ораза ұстамауға бейім жүреді. Ондай жанға жүрегінің ақ болғаны пайдасын бермейді. Құранда да, хадисте де бұған көптеген дәлелдер бар. Аллаһ тауфиқ берсін!