– Мұхамеджан, сіз жөнінде жұрт­­тың білгісі келетін бір сұрақ бар. Айтысқа неге шықпайсыз?
– Мен айтысқа өте жас кел­дім. Он үш жасымда қолыма домбырамды алып, сахнаға шығып, ал он бес жасымда үлкен ақын­дармен айтысып, рес­пуб­лика көлеміндегі жыр додасында жүлдегер атандым. Және бірден нәтижелі айтыс көрсетіп, қатарға ертерек қосылып кеттім. Айтыста өзім­нің жолымды салдым. Бірақ мен айтыспен қош айтысқан жоқ­пын. Адам өзінің рухани жаң­ғыру, түлеу және шыңдалу ке­зеңдерінде жұрттың алдына көп шыға бермеуі мүмкін. Сон­дық­тан айтысқа шықпай жүр­гені­ме соншалықты үлкен себеп жоқ. Әлі де айтыстың төңірегінде­мін. Жас ақындардың басын бі­рік­тіріп, оларға бас-көз болып, жол көрсетумен айналысып жүр­мін. Негізі мұсылманшылық жол­ды тереңірек ұстанып, үйре­ніп, білім алып жүргендіктен, уа­қы­тымның көбі осы жолға жұм­салып жатыр. Өзімнің ақындық қа­білетімді, шығармашылық мүм­кіндіктерімді пайдаланып, мұ­сылмандық өлең жазып, уа­ғыз-насихаттар жүргізіп жүрген жайым бар.
– Менің бір байқағаным, соң­ғы уақыттарда дінді ұстан­ған­дар­дың басым бөлігі сахнадан қол үзіп жатыр. Аузы дуалы ақын­да­ры­мыздың бірі Шорабекті айтыс­тан көре алмай дал болдық. Ал Бекболаттың дауысын қаншама қа­зақ сағынды. Сізді де осы топқа қосу­ға болады. Жаңа «уағыз-на­сихат жасап жүрмін» дедіңіз. Не­ге осы уағызыңызды сахна арқы­лы, өнеріңізбен әрлеп жеткіз­бес­ке? Қайта сахнаның күшімен ха­лықты ұйытуға болады ғой.
– Өнерде толыққанды жүру оңай емес. Көп жағдайда орта өз әсе­рін қалдырмай қоймайды. Уа­қытың пайдасыз іске көп жұм­­салады. Жалпы, айтысқа, өнер­ге дін ешқашан тыйым сал­ған емес.
Алланың берген қасиеті поэ­зия өте құдіретті өнер. Бұл өзі қан­жар іспеттес. Пышақпен нан турау­ға да, кісі өлтіруге де бо­ла­ды. Сол сияқты өлеңнің күшімен жақ­сылықтың да нұрын шашуға жә­не жамандықтың уытын да та­ратуға болады. Құранда 114 сүре бол­са, оның біреуі ақындарға ар­налған «Шұғара» сүресі. Сол сүре­де «ақындарға азғындар ғана ере­ді, бірақ олардың иман кел­тір­­гені басқа» деген жолдар бар. Яғни, ақындар Алланың берген қа­сиетінің арқасында соңынан ха­л­ықты ертіп, сөзіне иландыра ала­ды. Бірақ қазір «құбылаңа тү­кір­дім!» деп немесе Аллаға, Пай­ғам­бар­ға қарсы күпір сөз айтып, өлең жа­зып жүргендер де бар. Мұн­дай­лар халыққа қасиетсіз ұғымдарды сіңіреді. Кейбір ғалым деп жүрген аға­ларымыз «неге мешіттер көп са­лы­нып жатыр?», «неге жастардың б­әрі намазхан боп кетті?» деп, кей­бір мінбелерден орынсыз сөз ай­тып, мәселені басқа жақтан іздей­тін сияқты. Мәселен, мен Париж сах­насында өткен жыр додасында ай­тысқым келген. Жүрсін ағам екеуміз Париж төрінде иман­ды­лық айтысын өткізейік деп ұйғар­ған­быз. Бірақ кезінде маған қам­қор болған үлкен ағаларымның бі­рі «Мұхамеджан сақалымен сах­на­ға шығатын болса, айтыспай-ақ қой­сын» деп, жолыма тосқауыл бол­ды.
– Әрине, сағындым. Жанкүйер жұр­тыммен тағы да қауышатыным сөз­сіз. Айтпағым, әлгі «жанашыр» аға­ларымыз сонда менің өнерге ке­ліп, өз үлесімді қосуымды ойлап отыр­ған жоқ, керісінше менің бол­мысыммен күресіп жүр. Өзі арақ ішіп, зина жасап, ақша тігіп карта ойнап жүрген адамдар бір адамның таза жолда жүргенін түсінуге мұр­ша­сы жоқ. Олар сол адамның кө­лең­кесінде өзінің жамандығы көрі­ніп қалатынынан қорқып, кісіні күс­тәналауға дайын тұрады.
– Ал осы сақалыңызды алсаңыз не қылады?
– Сақал – пайғамбардың сүн­не­ті. Қазақта «Сөздің көркі – ма­қал, ердің көркі – сақал» дейді. Са­қал­ды қырып жүру үрдісі бертінде ға­на шыққан еді, ал ер жігіттің са­қал қоюы – ықылым заманнан ке­ле жатқан табиғи болмыс. Сон­дық­тан бұл әркімнің өз шаруасы. Мә­селе сақалда емес, мәселе көз­қараста. Мен көшеде кіндігін аш­қан қыздардың барлығын «жезөк­ше» деп кінәлай алмаймын ғой. Сол сияқты, сақал қойған адам­ның барлығы дінбұзар емес. Кеше ға­на дәстүрімізге енген жаман қа­сиеттерге қалыпты жағдай ретінде қарайтын болсақ, онда неге ата-ба­ба­ларымыздан келе жатқан ер­кек­ке тән мұра - сақалға шошына қараймыз?
– Жалпы, шариғат бойынша мұсылман баласы сақал өсіруге міндетті ме?
– Пайғамбарымыздың сүннеті бо­йынша міндетті. Бір жағынан са­қал қойғанды өзім жақсы көремін. Сақалым өзіме ұнайды. Суретші­лер мен геологтардың көпшілігі са­қал қояды. Бірақ біз олардың са­қалына жармасып жатқан жоқпыз ғой. Кезінде сақалды «көрік» деп са­наған ата-бабаларымыз, кері­сін­ше, сақалы жоқ адамдарды «көсе, ке­м­пір бет, сұйық сақал» деп сы­на­ған екен.
–«Сақал қойған адамның бар­лы­ғы дінбұзар емес» дедіңіз. Ес­туім­ше, сіз Исламның уақапшылдық ағымын­да көрінесіз. Осы мәселенің анық-қанығын өзіңіз айтып беріңіз­ші.
– Әуелі, Исламда уақапшыл­дық деген ағым бар ма екен? Бол­ған күнде де, кез келген ат қойы­лып, айдар тағылған ағымның Ислам­ға ешқандай қатысы жоқ. Ал жала жабушылардың «уақап­шыл­дықтың» тарихы туралы оқып көр­сек, араптың Абдул-Уаххаб де­г­ен тұлғасы туралы айтылады. Оның біздің қазаққа, оның ішінде ма­ған ешқандай қатысы жоқ. Жал­пы, дін ұстану үшін арап­тану­дың, түріктенудің, парсыланудың ешбір қажеті жоқ. Өйткені Аллаһ Құранда біздерді жекелеген ұлт қылып жаратқанын анық айтқан. Мен дінім мұсылман болғанмен, қа­ра тұяғыма дейін қазақпын. Және қияметте мұсылман қазақ­тар­дың қатарында тірілгім келеді. Ал кейде жұрттың көзіне ерсі кө­рі­ніп, кейбір сөзіміз тосын болып жат­са, айтушының адасқанды­ғы­нан емес, тыңдаушының өз дінінен хабарсыздығынан болар. Өйткені қа­зақ айтады: «Кісі – білмегенінің дұшпаны», «Адам – танымағанын сый­ламас» деп.
– Осы жерде сұрайын дегенім, «ислам – қанмен, яғни қылыштың күшімен қабылданған дін» деген де әңгімелер айтылады ғой.
– Бұл сізге жеткен теріс ақ­па­рат шығар. Адамдардың жүрегіне тек ізгілік себуші дін қылыштың жү­зімен енгізілуі мүмкін емес. Жетпіс жыл бойы бізге Ислам жө­нін­де жалған ақпарат жеткізіліп кел­ді. Біз өзіміздің дінімізден алыс­тағанымыз сондай, Исламның қа­ғи­даларына бөтенсініп, жатырқап қарай­тын болдық. Егер біреу құ­ран­ды негізге алып, пайғам­бары­мыз­дың сүннеті бойынша, тура жол ұстанатын болса, біз оған шо­шына қараймыз. Арақ-шарап­тың енгені кеше, бірақ біз оған то­сырқап қарамадық. Тіпті қыздың қалыңмалына қоймен қосып, бір жә­шік арақ апаратын болдық қой. Ал ежелден ұстанып келе жатқан мұсылманшылығымыздан аз күн­де жерініп шыға келдік. Атеистік көзқарастағы азғындаған жылдар­дың салқыны әбден тиген. Қазір дін дұшпандарының теріс пиғылымен хақ дініміздің кері жарнамасы жү­ріп жатыр. Мәселен, менің жеке ба­сымды алып қарайық. Мен бас жа­рып, көз шығарыппын ба? Болмаса ұлтыма қастандық жасаппын ба? Ұлттық қасиеттерімнен жерініппін бе? Арамыздағы кейбір Абайды «кри­шнаид», қазақтарды «хрис­тиан болған» деп дәлелдегісі келген «ға­лымдар» да «дінбұзар» деп та­ныл­ған жоқ қой. Сізге басымнан өт­кен оқиғаны айтып берейін. Өзім­нің ауылымда туған-туыс­тарым­ның басын жинап, уағыз-на­сихат айтып бердім. Ауылдың адам­дары малдарын қоралап әбден шар­шаған болуы керек, ара­ларын­да ұйықтап кеткендері де болды. Сө­зімнің аяғын «Ла-иллаһа-ил­лалаһ» яғни «Алладан басқа тәңір жоқ, Алладан басқа құдай жоқ» де­ген сөздерді түсіндірумен аяқ­та­ған едім. Сол кезде «Алладан бас­қа сыйынуға лайықты Құдай жоқ!» деген кезде «Құдай жоқ!» де­ген сөзді қаттырақ айтсам керек. Ер­тесінде бір көкеміз «Ой, мына Мұхамеджан әбден адасыпты. Түн­де қатты шаршап ұйықтап кет­кен екенмін. Бір көзімді ашсам «Құ­дай жоқ!» деп зіркілдеп отыр екен. Тұрдым да, қаштым!» депті. Осы­дан кейін не дейсің? Ол сөзі­м­нің аяғын ғана тыңдаған. Жалпы, біз қазір мәселенің байыбына бар­май, арзан дақпыртқа жүгінетін бол­дық. Елбасының да күйінетіні осы жағдай ғой. Өйткені біз ол кі­сі­нің не ойлап тұрғанын пайым­да­май, ұнамаған кейбір іске қарап, күс­тәналауға құмармыз. Бірақ ол к­ісі әрқайсымызға «Әй, әліптің ар­тын бақсаңдаршы!» деп айта ал­майды ғой.
– Мұхамеджан, сізді әруаққа Құран бағыштап, бет сипамайды де­седі. Осы сөздің жаны бар ма?
– Алла сақтасын! Мен Құран оқи­мын, сауабын әруаққа ба­ғыш­тай­мын. Бірақ мен әруаққа сыйын­баймын. Аллаға сыйы­на­мын. Абай «жаратушы тұрғанда, жара­тылғаннан не сұрайсың?» де­ген екен. Сондықтан біз әруаққа сыйыну мен сыйлаудың ара-жігін ажыратып алуымыз керек сияқты. Жалпы, әруаққа, тасқа, ағашқа, от­қа, құсқа табыну – Ислам дініне дейін болған негізсіз сенімдердің жемісі. Ол ешқандай кітабы, жолы, пайғамбары жоқ кездегі адамдар­дың адасқан нанымдары. Мәсе­лен, Абайдың аталары Алшынбай, Кеңгірбайлар заманында мықты тұл­ғалар болған. Бірақ Абай олар­дың әруағынан жәрдем сұрап, сыйы­нып-табынбайды, керісінше «Пат­ша құдай сыйындым, тура бас­та өзіңе» деп, Аллаға тікелей шығуды айтып кеткен. Жалпы, әр­уақ­қа ғана емес, пайғам­бары­мыз­дың өзіне де сыйынуға болмайды. Оны біз Алланың құлы, әрі елшісі деп қана танимыз. Құранда Алла христиандарды «адасқандар» деп ай­тады. Олардың адасуының бас­ты себебі – адамдардан құдай жасады. Егер Алла пайғамбар Иса­ға табынғанды адасты деп та­ни­тын болса, онда күнәсі мен сауа­бы қатар жүрген жәй ғана пендеге табынуды қалай деп танымақ? Алла Тағала Құранда «адамды өзі­ме орынбасар етіп жараттым» дейді. Ра­сында да, жер бетінде адамнан құ­діретті жаратылыс бар ма? Осы­лай деп айтсаң, кейбіреулер «біз әруақты құдай көріп жатқанымыз жоқ. Тек Аллаға біздің тілегімізді жет­кізеді деп жатырмыз» дейді. «Қара­пайым әкімнің өзіне тікелей кіре алмайсың, ал Құдайға қалай­ша бірден байланысқа шықпақ­сың?» деп уәж айтқан болады. Ал біз ­бір нәрсені ескермейміз. Кімге кө­мекші, орынбасар керек? Бар­лық нәрсеге бірдей мүмкіншілігі жоқ, шектеулі адамға керек. Әкім – адам. Ал Аллаһ ешбір жәрдемші мен көмекшіге, адамзат пен екі ор­тадағы дәнекерге мұқтаж емес.
Тірі адам Аллаға жалынып, жәрдем сұрап, біреуге қол ұшын созып, көмек көрсете алады. Ал қайтыс болған адамның жаны мен тәні ажырады. Оның жаны Алланың алдында жауап беру үшін белгіленген күнін күтіп тұр. Ал біз осы әруақты мазалап, көмек сұра­май, керісінше, оған жәрдемдесіп, дұға қылуымыз керек. Мен де бұ­рын білімсіздікпен адасып, әр­уақ­қа сыйындым. Әруаққа сыйыну ма­ған не үшін керек болды? Ай­тыс­та жеңгім келгенде, мәртебе ке­рек болғанда, тегімді айтып мақ­тан­ғым келгенде мен әруақты еске түсіріп, атын ауызға алатынмын. Олар­дың ақыреттегі халі туралы бас қатырмайтынмын да. Ал қазір мен бес уақыт намаз оқыған сайын Құран мен Сүннетте көрсетіл­ген­дей ата-бабама дұға қыламын. Олар­дың атынан қажылық орын­дап, ораза ұстап, садақа беріп, сауа­бының соларға баруын Алладан үміт етемін.
– Сіз бірнеше жыл Жамбылда тұрдыңыз. Туған жеріңізде немен айналыстыңыз?
– Бір жылдай шетелде білім алып, тәжірбие жинақтадым. Отба­сы­лық жағдайыма байланысты, үш жылдай Таразда тұрып, әке-ше­шеме қолғабыс еттім. Мал-жанға бас-көз болдым.
– Мал-жан демекші, сізді ал­дын­да мыңғырған малы бар, бақуат­­ты тұрады деседі.
–Шүкір, ешкімнің қолына қарап отырған жоқпын. Кәсіппен, сауда-саттықпен айналысамын.
– Дін жолындағы адамға осы дүниенің қызығы болып саналатын дәулеттің не қажеті бар?
– Сіз қате пікір айтып отырсыз. Мұсылманшылық – бұ дүниеде адам­ның бақытты болуына қа­жет­тінің барлығын қолдайды. Тыйым салынған нәрседен басқаның бәрі рұқсат. Ислам адамзатқа пайдалы нәрсенің барлығын тұтынуға қарсы емес. Сіз дәулетті боласыз ба, жо­март боласыз ба, өз еркіңізде. Тек малыңыздың қақысын өтеп, зекет пен садақаны беріп отырсаңыз бол­ғаны. Мұсылманшылық деген – тек қана дін ұстанғанда намаз оқып, мешіттің бұрышына ты­ғы­лып отыру емес. Мәселен, мұсыл­манға тәуір киінбе, қымбат көлік мін­бе делінбеген. Бұл фәниде адал тап­қан дүниеңнің игілігін пай­да­лан, тек ақыреттегі беретін жауа­бын да ұмытпа.
– Мен сіздің келіншегіңізді көр­дім. Ол небәрі жиырма бес жаста екен. Бірақ ол неге бет-ауызын тұм­шалап алған? Жаңа өзіңіз айтқ­ан­дай, шариғат мұсылманның бақыт­ты өмір кешуіне ешқандай тыйым сал­майды емес пе?
– Сонда сіз менің келіншегім бет-аузын тұмшаласа, ол бақыт­сыз өмір кешіп жатыр деп ойлай­сыз ба? Ол жүзін жауып жүрген жоқ. Тек басына орамал салып, үсті­не етек-жеңі мол көйлек киіп жүр.
– Менің айтпағым, мәселен, сіз за­манға сай киініп алғансыз, неге ке­ліншегіңіз де заманға сай киін­беске?
– Ол заманға сай киінбейді деп кім айтты? Зайыбым өзінің ұнат­қа­нындай өмірін сүріп жатыр. Ел бар­ған жерге барады, ел жүрген жер­де жүреді. Менімен бірге ше­тел­ге қыдырып, қажет дүниесінен қа­ғажу қалған емес. Сіздің ойыңыз­ша, «заманға сай киіну» деген етек-жеңі қысқа, денеге жабысқан көй­лек киіп, шашыңды әсемдеп жүру ме? Сонда сіздің заманға сай емес дегеніңіз, өзге еркектердің нәп­сісін қоздыратын киім киіп, әуре­тін ашып жүрмеді дегеніңіз бе? Бол­маса, бөтен еркектермен емін-ер­кін араласпады дегеніңіз бе? Рас, ша­риғат мұсылманның бақытты өмір кешуіне тыйым салмайды. Бі­рақ, әйелдің ашық-шашық жүруі зиян екендігі діни тұрғыдан ғана емес, психологиялық, медици­на­лық тұрғыдан да дәлелденген. Ал ме­нің әйелім ұзын әрі кең-мол киі­неді. Бұл жерде оған да, қоғамға да зиян келіп отырған жоқ. Мен әйе­лімнің құқын шектеп отыр­ға­ным жоқ. Керісінше, осылай жүру оның өзіне ұнайды. Қайта бір жері ашық тұрса, өзінен өзі берекесі қа­шып, мазасы кетер еді. Жалпы, мен өзімнің жүрген жолымды, отба­сы­мыз­дағы қарым-қатынасымызды, өмір сүру жиынтығымызды за­ман­ға сай өтіп жатыр деп есептеймін. Өз кәсібім бар, көзім ашық, көш­тен қалып бара жатқан ештеңем жоқ. Арақ ішпеймін. Зина жаса­май­мын. «Біреудің ақшасын қалай жей­мін» деп басымды қатыр­май­мын. Қайта күндіз-түні өзімнің ру­хани кемелділігімді қалай толтыра­мын деп ойланамын. Сондықтан да, керісінше, мен қайта заманға сай өмір сүріп жатқан болармын. Кейбір адамдар жараспағанына қарамай, модамен киінуге құмар. Ал танымы толық адам модаға, қо­ғам­дық пікірге құлшылық қыл­май­ды. Керісінше, Алланың риза­лы­ғын алатын істерді істеп, ұлтын­ың сапасын күшейтетін салихалы амал­дармен айналысқанды ұната­ды. Мұсылманшылығы мол адам­дар­дан қоғамға пайда көп. Өйт­ке­ні олар ұлтын жан-тәнімен сүйіп, халқының екі дүниесі үшін қам жейді.
Сондықтан мен де өз ұлтым­ның азғындамауы жолында, тілін-ді­нін, рухани болмысын жоғал­т­пауы жолында күш-қуатымды жұм­сап жатырмын.
– Сіз келіншегіңізбен қалай та­ныс­­тыңыз? Оның дін жолына түсуіне өзіңіз түрткі болдыңыз ба?
– Менің келіншегім Еңлік – Бек­болат Тілеухан ағамыздың қа­рын­дасы болып келеді. Бекболат аға­мен жақын достығымыз, сый­лас­тығымыз бар. Осы кісінің үйін­де алғаш Еңлікті көрдім. Маған жас болса да Еңліктің дінді мо­йын­дап, жолына түскені қатты әсер етті. Бірден «мен іздеген қа­лың­дық осы болар» деп ойладым. Мен оның жастығына, болмаса сымбатына қызығып алғаным жоқ. Ме­ні оның иманы таңғалдырды. Еңлік – кәдімгі қарапайым мұсыл­ман­ның келіншегі. Ерінің, бала­лары­н­ың барлық жағдайын жасап, күйеуі­не қызмет етіп отыр. Сізге, ерсі көрінген сыртқы көрінісі ғана шы­ғар. Қайта ол өзінің күйеуіне ға­на көрсетуге тиісті нығметтерін сырт көзден қорғап жүр.
– Неше балаңыз бар?
– Екі қыз, бір ұлым бар. Үй­лен­генімізге жеті жыл болды. Міне, зайы­бым инша Алла, төртінші пер­зентін дүниеге әкелейін деп отыр. Үлкеніміз – Айша, екіншіміз –Абдулғафур. Кішкентайымыз – Фәтима.
– Сіз маған бұрын тәкаппар адам болып көріндіңіз...
– Мүмкін солай болған шы­ғар­мын. Өйткені өзінің жаратушысын таны­маған адам, өзіне де, өзгеге де ешуақытта әділдік жасай алмай­ды. Мен иманым толық болмаған жылдары Алланы дұрыс танымай, не болса соған табындым. Ал бұдан өткен күнә жоқ шығар.
–Мәселен?
– Әруаққа сыйындым, тұмар тақ­тым. Көріпкел-тәуіптерге бар­дым. Осындай күнәға барған адам­ның басқа да күнәсін сөз қылуға бо­ла ма? Мен бұрын халықтың ал­дында кейбір өлеңдерді бәйге алу үшін айтатынмын. Егер осы мәсе­ле­ні көтерсем, халық маған қоше­мет көрсетіп, дауыс береді деп ой­лай­тынмын. Ал қазір, нені айтсам да, шынайы айтамын. Ет жүр­е­гім­мен елжіреп айтамын. Тек ұлтым­ның бұ дүние мен ақыретте бақыт­ты болуы үшін айтамын.
– Алматыға келгеніңізге алты айдан асыпты. Немен айналысып жүрсіз?
– Қазақ радиосында жұма кү­ні сағат алты мен жетінің арасында «Құ­была» деген діни-танымдық ха­барды жүргіземін. Осы хабар ар­қылы көпшіліктің дінге қатысты сұрақ­тарына жауап беремін. Енді діни бейне, аудио таспа шығармақ ниет­темін.
– Айтыста кімге есе жібердім деп ойлайсыз?
– Әріптес ақынға есем кетсе, оған өкінбеймін. Өмірге есем кетіп, Алланың алдына барғанда абы­рой­сыз болмасам болғаны...Әңгімелескен
Мақпал ҚАРАТАЙҚЫЗЫ
http://www.aikyn.kz/