Барлық Ер-Жігіттерді Қазақстанның Отан қорғаушылар мерекесі Құттықтаймын.
Бұл мейрам жалпы халықтық тойлауға айналмасада, өзіміздің қыздар қуанышқа орай еске салып сыйлық сыйлап тұрады. Төменде берген сыйлығы :)
аударма авторы: Илияс Сырым (жорналшы)
Ақпан жақындаған сайын, дүкеншелер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, «Қасиетті Валентин күнінің» тойлануы үшін қолданылатын ленталар мен басқа да түрлі-түсті заттарға толып қалатынына да көз үйренді. Алайда, бұл жасанды мерекенің қазаққа қаншалықты жақындығы және қажеттілігі бар еді деген ой - ақылды адамды бейжай қалдырмайтыны да шындық.
«Валентин күнін» тойлау дәстүрі жартылай шын, жартылай жалған деректерге негізделген. Дегенмен, бүгінгі біздің қоғамымызда бұл күн адамдар бір-біріне деген сезімін ашық әрі белсенді түрде жариялайтын, өзге жыныстағылар ел арасынан өздеріне жаңа серіктер мен жолдастар таңдайтын, сондай-ақ өзге жыныстағы біреуге өзінің сезім құштарлығы жайлы жазып, әр түрлі открыткалармен алмасатын мерекеге де айналды. Алайда, бұл түрлі-түсті көңіл көтеру Исламның қағидаларымен және ата-бабаларымыз насихаттап келген моральдық құндылықтармен сәйкес келмейді. Санасы ояу ата-аналар бұл мереке жақындаған сайын қынжылады. Өйткені олар өз балаларының түпкі негізі ар-ұжданға және әдептілікке қайшы келетін жеңілтек сезімге беріліп көңіл көтеруін және тәрбиелік мәні мүлдем жоқ осындай төмен деңгейлі мерекелерге қатысуын қаламайды. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне жеңіл қарамауы қажет, ол өзінің жүректен шығатын ыстық сезімін болашақта отбасын құруға, және де өзінің адал жарына сақтап жүруі тиіс.
Осы орайда, өзін мұсылман санайтын ата-аналар түгелімен коммерциялық сипатқа ие болып кеткен осы «мерекенің» рәміздері - открыткаларға, сувернирлерге бостан-босқа ақша шашудың орнына, бұл жалған салтанаттың өз балаларының рухани дүниесіне қаншалықты кері әсерін тигізетіні туралы ойланса, абзал болар еді. Валентин күні жәй ғана «ешқандай зияны жоқ» деп айта салатын мереке емес. Жоқ! Тіптен олай емес! Егер сенбесеңіздер, жақын жердегі «валентинка» сататын орынға барып көріңіз! Ол жерде сіз жай қарапайым ғана деп санап жүрген «Мен сені сүйемін!» деген открыткаларды ғана емес, сексуалдық сипаты сыртына шығып тұрған, ұяттан жұрдай «Ты мой, я - твоя!», «Мой страстный!», «Я помню первый поцелуй!», «Зайчик мой!», «Я не забуду наше первое свидание!» сияқты және соларға ұқсас мәтіндегі открыткаларды таба аласыз! Ал оларды бір-біріне сыйлап жатқан - мына біздің бауыр етіміз болған балаларымыз, намысымыздың бір бөлігі болуға тиіс әпке-қарындастарымыз, арам пиғылдардағылардың қиянатынан біз қорғауға тиісті болған аға-інілеріміз, тіпті біздің ата-аналарымыз. Таң қалдырарлық бір жағдай: анамыздың жұмыс орнындағы әріптесі оған «Сен ең әдемі әйелсің!» деп «валентинка» сыйласа, әкелеріміз намыстанбайтын да ренжімейтін де болған. Тіпті қызғанбайды да. «Онда тұрған не бар дейсің, мереке ғой! Барлығы солай жасап жатыр!» - деп жүретін еркексымақтар да ортамызда аз емес. Алайда, Пайғамбарымыз: «Әйелін бөгде еркектерден қызғанбайтын еркек жәннәттің исін де сезбейді!» деп ескерткенін еске салған жөн. Тіпті «Мен қызғаншақ емеспін!» - деп мақтанатын еркектер, «Менің күеуім қызғаншақ емес» - деп мақтанатын, «ар-намыс» деген ұғымды тек байлық немесе мәртебемен байланыстыратын, бір-бірінің жолдастарымен, тіпті олардың ұл-қыздарымен құшақтасып би билеп жүретін әйелдер мен еркектер айналаны арам шөптей қаптап кеткелі көп жылдардың жүзі болды. Оларда болашақ ұрпаққа нендей өнеге, нендей үлгі-насихат бар? Қазақтың басына да түскен СПИД, нашақорлық, жезөкшелік, зинадан бала туып тастап кету сияқты қоғамдық дерттеріміздің негізінде осындай, алғаш қарағанда еш зияны жоқ сияқты болып көрінетін, ұлттық менталитетімізге, мұсылмандық болмысымызға жат қылықтарды насихаттау жатыр емес пе?...
Ойланып қарасақ, бұның астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған жүйелі тәсіл жатқанын анық байқаймыз. Өкінішке орай, қоғамымыз мұны үн қатпай қабылдап, бойына сіңіріп үлгерді. Бұл тәсіл адамның достық, махаббат деген ұғымдарға жеңіл-желпі қарауынан туындайтын болашақ отбасылық өмірінің құлдырап бұзылуына соқтыруы мүмкін.
Ал, біздің ислам дініміз адамдар арасындағы өзара махаббат Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ғана болуын және Оның заңдарының шеңберінен шықпауын бұйырады. Аллаһ үшін біреуді жар ретінде сүйген адам оған қиянат та, зұлымдық та, опасыздық та жасамайды. Өйткені, Аллаһтан қорқатын адам әрбір ниеті мен амалы үшін ахиретте Аллаһ алдында жауап беретіндігіне кәміл сенеді.
Ал, енді Валентин күнінің шығу тарихына көз жүгіртсек, бұл мереке ежелгі көпқұдайшыл Рим қауымынан бастау алады екен. Римдіктерде 14 ақпан күні тойланатын өздері ойлап шығарған барлық құдайлардың ханшайымы - жер құдайына арналған мереке бар болатын. Ал 15 ақпан күні олар шопандар мен үй жануарларының қамқоршысы деп саналатын бұттарға арнап, тағы бір мерекені атап өтетін еді.
Алайда, қазіргі «мереке» Әулие Валентин күні деп аталу себебін мынаған байланыстырады: Христиан дінінің алғашқы тараған жылдарында Валентин есімді бірнеше христиан дінінің қызметкері болған көрінеді. Солардың бірі Рим императоры Клавдий ІІ тұсында өмір сүрген дейді. Сол Клавдий ІІ-нің тұсында жас жігіттер әскери қызметтен бас тарту үшін, үйленіп алатын. Жас жігіттер мұндай айлакерлікке бармас үшін, ол әскерден алдын үйленуге тыйым салады. Ал, Валентин поп болса, оларды құпия түрде некелестіріп отырды. 14 ақпан күні билікке қарсы шыққан Валентиннің басы шабылады. 469 жылы Кейінірек, Римнің Геласиус деген императоры 14 ақпанды «Әулие Валентин күні» деп жариялады. Сөйтіп, көпқұдайшылардың мерекесі христиан мерекесіне айналды. Уақыт өте, мереке рәсімдері біршама өзгерді. Енді қораптың ішінен қыздардың аты жазылған қағаздарды емес, әулиелердің аты жазылған қағаздарды тарту дәстүрі енгізілді. Өйткені христиан діні де сексулдық мазмұны бар мерекелерді қолдамады. Осылай 14 ғасырға дейін жалғасып келді. 14 ғасырда Еуропада Қайта өрлеу басталған шақта, шіркеудің ықпалы әлсіреп, бұл мерекенің сексуалдық-сүйіспеншілік сипаты қайта қалпына келді. Қайтадан құмарлылықты, ынтызар мен шәһуатты қоздыратын ішімдіктер мен өзге де рәміздер кең таралып кетті.
Бүгінгі күні жүз мыңдаған доллар ақша шоколад, шампанское, открытка, әшекей тағы басқа сыйлықтарға жұмсалуда. Адамдардың осы мерекені атап өту құштарлығының арқысында біреулер өте үлкен табыс тауып жатыр. Қаншалықты көп адам осындай мерекелерді атап өтсе, соншалықты корпорациялардың табысы молаяды. Сондықтан да ақпарат құралдары оларды кең түрде насихаттауда. Көріп тұрғаныңыздай, шынайы адал сезімге бұл мерекенің қатысы екіталай.
Мұсылмандарға келер болсақ, өзге діндердің мерекелерін атап өтуге Ислам шариғаты тыйым салады. Оның үстіне Валентин күні бүгінгі күні жануарларға ғана тән еркін қарым-қатынастың тағы бір фестиваліне айналды емес пе? Осындай бейғамдыққа салынып, ақиқат жолына келуді қаламаған адамдарды не күтіп тұрғандығы туралы Аллаһ тағала өзінің қасиетті кітабында былай дейді: «Күдіксіз сондай кәпірлер жер жүзіндегі барлық нәрсені және онымен бірге тағы сондай нәрсені қиямет күнінің азабынан (құтылу үшін) төлеуге салса да олардан қабыл етілмейді де, оларға жан түрішгерлік қинау бар.»(5;36)
Ал, мына аятында Аллаһ бізге өзге діндегілерді дос тұтудан және оларға еліктеуден тыяды: «Әй мүміндер! Мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпаңдар. Өз зияндарың үшін ашық дәлел қылуды қалайсыңдар ма? Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың.» (4; 144-145)
«Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар» (3;149). «Әй мүміндер! Сендерден бұрын Кітап берілгендерден діндеріңді сайқы- мазаққа ойыншық еткендерді дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқыңдар.» (5;57)
Тозаққа барушылар өздеріне жолсерік іздейді. Олардың бас жолсерігі Ібіліс. Біздің жол - Ислам, ал жолсеріктеріміз - мұсылмандар болуы керек. Көптеген адамдар бұл өмірдің қызығына, ішіп-жеуге, зинамен болса да, ішкілікпен болса да қызық дәурен сүруге, ұятсыз көңіл көтеруге, құмар ойындарына толық беріліп кеткен. Өзі сондай жолға түскен адам балалары да, әйелі де сондай жолға түсіп кеткенін байқамайды, байқаса да шарасыз болады. Аллаһ бізге айтады: «(Мұхаммед Ғ.С.), оларды қоя бер. Жесін, пайдалансын; дәмелері өздерін айналдырсын. Олар жуық арада түсінеді.» (15;3)
«Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: "Біздің жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт». (29;12)
«Олар (Мейірімді Алланың құлдары) өтірікке айғақ болмайды...» (25:72)
Бұл аяттың тафсирілерінің бірінде, басқа діндегілердің діни мерекелерінде болып қатысу туралы айтылған деп келтіріледі.
Бүгінгі күндерін ақтай келе адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастархан жайып атап өтеміз)» дейді. Көп жағдайда христиандардың Кітап иелері болғандықтан мұсылмандарға жақын екендігі де жиі айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі» дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін?
Алланын елшісі (с.ғ.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де оларға ілесе кетесіңдер.»
Абзалын алайық
Егер Аллаһ бізге бір нәрсеге тыйым салса, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деді: «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған екен, ой-санасы түзу, Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам осы екі күнді ғана діни мейрам деп қабылдайды да, қалғандарын тастайды.
Мусылмандар Аллаға дұрыс иман келтірмегендердің мерекелерін тойлап, өз мерекелерін ұмытса, онда олар мұсылмандардың жамағатынан алыстап кетеді, және сол имансыздардың әлеміне жақын болады. Бірде-бір Мұсылман мемлекетінде өмір сүріп жатқан қандай да бір христианның Құрбан айтты немесе Рамазан айтты мереке ретінде атап өтіп жатқанын көргендеріңіз бар ма? Ал не үшін біздер - мұсылмандар, Аллаһтын хақ дінінде екенімізді ұмытып, оларға ілесуіміз керек?
Айналайын қазағым, Аллаһқа және оның соңғы пайғамбарына иман келтірмегендер біздің де соларға ұқсауымызды, және Аллаһтың бекіткен заңдарына мойынсұнбауымызды қатты қалайтынын біл:
«Олар, өздері қарсы болғандай, сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалайды» (4:89)
Тағы бір қасиетті аятында Аллаһ бізге былай деп әмір етеді:
«Сендерге Пайғамбар не берсе, алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі». (59:7)
Аллаһтың және оның елшісі бергенді алып, тыйым салғанынан тыйылайық, ағайын!
Әлемдердің Раббысы, Аллаһқа мадақ, Аллаһтың елшілеріне Оның сәлемі және жарылқауы болсын!
IMAN
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!
Соңғы кездері басқа дін өкілдерінің мейрамдары жайында көп сұрақтар қойылады, Шариғат бойынша оларды тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма деген сияқты.
Барлық мұсылмандарға ескертіп кетейін, біздің мұсылман жамағатында тек екі ғана мейрам бар, ‘Ид аль-адха – Құрбан айт және 'Ид аль-фитр – Ораза айт. Және осыған қосымша әр аптада болатын мейрам – жұма. Бұл күні Адам ата жаратылды, және осы күні жерге түсірілді, жұма күні ақірет басталады. Және де басқа да оқиғалармен байланысы, артықшылықтары бар, жақсы істер жасаған лайығырақ. Басқа мейрам жоқ. Сондықтанда Аллаһ елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) сахабаларымен Мединаға көшіп барып, оның тұрғындары мажусилердің мейрамын тойлап жатқанын көргенде бұнда қатысуға қатаң тиым салды, сосын жоғарыда айтылған екі мейрамды атап, біз мұсылман тек екі ғана мейрамды тойлаймыз деді.
Осы және басқа да шариғат қағидаларына сүйеніп Ислам ғұламалары христиандардың, яһудейлердің, мәжусилердің мейрамдарын және басқа да шариғатта жоқ мейрамдарды тойлау харам деп айтқан. Және бұл тойлауға қатысу, сыйлықтар жасау, соған байланысты шаралар жасау сияқты әрекеттер де харам болып саналады. Атақты ғұламалардың бірі Ибн-Қайим аль-Джаузия (радыаллаһу анху) айтқан: «Барлық танылған ғұламалар мен 4 негізгі мазһаб жолын ұстаушылар  бір ауыздан мұсылмандарға кәпірлердің мейрамына қатысуға болмайды деген пікірге келген». Және де айтты: Умар бин аль-Хаттабтан сахих тізбекпен Имам Байхақый жеткізген: "Мажусилер мен кәпірлер мейрамдарын тойлап жатқанда олардың ғибадат ететін жерлеріне  жақындамандар да бармаңдар. Өйткені оларға Аллаһ тағаланың қаһары түсіп тұрады." Және де Умар бин аль-Хаттаб олар мейрамдарын тойлап жатқан кезде оларға жақындамауды бұйырғанын жеткізген. Ең ұлы сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Амр (радыаллаһу анху) айтқан: "Кімде-кім кәпірлердің  елінде болып, олармен бірге мейрамдарына қатысса, не тойласып, атап өтіп, өлім келгенше дейін соларға еліктеп өтсе (яғни, егер осы қалыпта өліп кетсе), онда ол ақіретте солармен бірге тірілетін болады." Аллаһтың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Сондықтан егер де қайсыбір мұсылман басқа діннің халқына өздерінің ерекшелігі саналатын істерде еліктейтін болса, ол сол халықтан болып қалады. Олардың мейрам жөнінде сенімдері діндегі жаңалық не Құран түсумен күшін жойған зат. Мұсылман күшін жойған не ойдан шығарылған  ұстанымдарға еруге құқығы жоқ. Аллаһ тағала діндегі жаңалық істерді қабыл етпейді және муминнің бұл ісіне разы болмайды. Аллаһ тағала айтады: «Шындығында егерде сендер күпірлік жасасаңдар, Аллаһ сендерге және сендердің жасап жатқан істеріңе мұқтаж емес (яғни, бұл жаман іспен тек өздеріңе ғана зияндық жасайсыңдар) және Аллаһ өзінің құлдарының күпірлік еткендеріне қанағаттанып, разы  болмайды, ал егер шүкіршілік етсеңдер, Ол сендерге разы болады». Шындығына келгенде тойлауға қатысу не құттықтау діндегі жаңалықпен не күнаға қатысқанмен құттықтау болып саналады ғой, ал бұндай мұсылман өзін Аллаһтың қаһарына ұшыратқалы тұр. Осыған қоса ол діндегі жаңалықты жақтап, оның таралуына септігін тигізеді. Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл пайғамбарымыз (салиаллаһу алейһи уассалям) айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер...» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады?
Неге мұсылмандар кәпірлерге сонша еліктеп, бұны тастағысы келмейді? Бұл олардың мейрамдары, өздері мәз-мейрам болып тойлай берсін, мұсылмандарда өздерінің мейрамы бар. Бұдан қашу не онда қатыспау қаталдықтың, ызалылықтың және өшпенділіктің белгісі емес. Бұл тек біздер мұсылмандар үшін мейрам болып саналмайды және шаттыққа негіз емес. Осы жоғарыда айтылғанның дәлелі ретінде имам Ибн Қайим сөздеріне, осы күнгі ғұламалардың ішінен Мұхаммад ибн Салих аль-Мунаджид, Сауд Арабиясындағы ғұламалардың бас кеңесіне жүгінемін деп батыл айта аламын.  Бұл шейхуль-Ислам ибн Теймияның да пікірі.
Соңында, Аллаһтан мұсылман қауымын дәріптеп, оған күш-қуат беріп, қадамдарын нық етіп, оларды Құран мен сүннетті берік ұстаушылардан етуін сұраймын. Бұл Оған қиын емес, шындығында Ол барлығына күші жетуші. Және бұл туралы Аллаһ жақсы біледі. Пайғамбар Мұхаммадқа, жанұясына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!
Сұраққа эр-Риядтағы имам Мухаммад бин Сауд атындағы Ислам университетінің түлегі Расул Кудаев жауап берді.
Орысшадан аударма
Қазақстан мұсылмандар сайты