"Алғашқы әсерлер" постымда жазғандай, бір үйде тұратын қызды қатты дауыс шығарып күлгені үшін ұнатпай жүрдім. Кішкентай кезімде "Джен Эйр" (Шарлотта Бронте романы бойынша) фильмінде үй иесінің ақылы ауысқан әйелі бір бөлмеде қамалып жасырын тұрады, соның арасында қарқылдап күлгенінен қорқушы едім.  Әр көрген сайын соны есіме салады әлгі қыз. Сөйте сөйте оған ойымнан қосып жағымсыз қасиеттер тели бастадым. Кездесіп қалғанда әңгімеден қашқақтап жүрдім. Бір күні колледж ішінде Қазақстан туралы жеке презентациямды (бұл ең алғашқысы болатын, оқудың бас кезінде) бермекші болып, екі білегімді сыбанып, бауырсақ пісірмекші болдым. Ең алғаш рет АҚШта тағам пісіруім. Құрамы да біздегідей ашыта салатын емес, обшым :), ашытқысы бір түрлілеу бопты, несін бұлғалақтайын:). Соған қарамастан, табаға майды құйып жіберіп қуырып жатырмын. Уф деп бітіруге жақын қалғанда шамадан тыс күйген май иісінен өрт сигналы айқай салмасы бар ма! Үйдегілердің бәрі далаға атып шығып, абыр сабыр болдық та қалдық. Сосын қорғаныс қызметінен адамдар келіп, үнін өшірді. Ой сол кездегі қысылғаным-ай... Ұзын әңгіменің тоқ етері, жаңағы жақтырмай жүрген қызым өзі келіп, терезені ашып, түтін кетсін деп, бөлмесіндегі желдеткішін әкеліп, қасымда жүрді. Кетерде презентацияңды жақсы өткіз деп тілегін де айтып кетті. Өзге қыздардың үнсіздігінің қасында оның бұл әрекетінен жаным жайланып қалды:).  Шын мәнінде мен онымен жақын бірде бір сөйлесіп көрмеппін, қандай адам екенін білместен қалай қашқақтай бергем деген ойға қалдым. Сол күннен бастап, ол ең жақын достардың біріне айналды.
Келесі стереотипім саясаттану сабағындағы студент балаға қатысты болды. Ең алғашқы сабақтан бастап, ол өз ойын (басқаларға қалай тиетініне байланыссыз) ашық айтып, сабақта пікір білдіріп жүрді.
Кішкене дандайсығаны бар ма деп қаласың. Іс-қимылы, жүріс-тұрысы сондай ойға әкеледі. Бір күні сабақ үстінде ол коммунизмнің қандай жаман екенін, ешқандай іске аспайтын идея екенін айтып пікір білдірді. Сол кезде ішім қылп етті. Коммунизм десе, ол жерде бұрын коммунизм болған елдің жалғыз өкілі мен. Одан бері салыстырмалы түрде көп уақыт өте қоймағандықтан, әлі де қалдықтары бар деп жобалау әбден заңды. Сол күннен бастап, оның әр сөзі маған қарсы (тікелей болмаса да) айтылып жатқандай көрінетін, сондай комплекстенгенім (Айко айтатын комплекс неполноценности) сонша, тіпті өзім кез келген адамның сөздерінен қарсы астар іздейтін болдым. Ол кездер бір,  жұқалап айтқанда, "оңай емес" кездер болды. Іштей, әрине. Сыртыма сыр білдірмедім. Сондықтан да ауыр болды... Сонымен, жаңағы бала туралы:). Бір күні сабақта топтарға бөлініп тапсырма орындадық. Өткен ғасыр орта шамасында қаралған өте маңызды істе АҚШ Жоғарғы Сотының қабылдаған шешімі туралы болатын. Тілі өте күрделі, шетелдік мен түгіл, қарапайым американдық түсіне бермейді (АҚШ-тағы тіл өзгерісі туралы қызықты материалды алда жариялаймын деп ойлаймын, бұйырса). Сол кезде жаңағы "іштей жауым" өзі бастап, саған түсінікті болды ма, сұрағың бар ма деп, жылы шырай танытты. Содан соң топтағы өзге студенттер де Қазақстан туралы сұрап, біраз араласып қалдық. Кейін байқағанымдай, әлгі баланың өз мәнері сондай екен, сырт көзге әлдеқандай болып көрінеді. Ал ішінде... қарапайым ғана мейірімді (мүмкін, кейбір сырт көзге өте әдепті болып көрінетін адамдардан да асқан сезімтал) жан екен:).
Адамдар туралы жақын білмей тұрып, стереотип қалыптастырып алғаным соншалықты абсурд нәрсе көрінеді қазір. Жаңадан бір адам кездестірсем, оған ешқандай таңба салмауға тырысып жүрмін. Керісінше, жақсы қасиеттерін іздеймін. Жүз пайызы сенімімді ақтады.
Айтып өткен саясаттану пәні мұғалімі керемет әйел. Ол туралы алда арнайы жазуды ойлап жүрмын, құдай қаласа. Сол кісінің айтқан төрт сөзі жадымда тайға таңба басқандай жазылып қалды:"We never know people". "Біз ешқашан адамдарды толық білмейміз". Сондықтан да адамдарды сөгіп, айыптамас бұрын, және олар туралы аз ақпарат негізінде теріс пікір қалыптастырмас бұрын, өзіңізді тоқтатыңыз. Мүмкін ол адамның солай әрекет етуге себептері бар шығар. СІЗ ҚАЙДАН БІЛЕСІЗ? Мүмкін тек сізге солай көрінген болар. Әр адам жеке планета (copyright Зере). Әр адам Алланың сүйіп жаратқан пендесі. Сондықтан адамдарды сүю - Алланы сүюге апаратын бірден-бір жол секілді.