Сәуірдің соңында ашылған блог:
http://ruslannnn.wordpress.com/
Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері "келдім, көрдім, мақсатыма жеттім" дегің келеді. Бірақ ... , осы бірақ кедергі болады да тұрады :)
Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: "Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық" десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер.  Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе емес деп ойлаймын. Басты ойымыз блог платформа ашу еді, қаншалықты қажет, ойымызды жүзеге асыра алдық па, болашағы не болмақ. Осы және тағы да басқа сұрақтар мазалап жатыр әрине.  Істелетін жұмыс та көп,  сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз керек-ақ.
Біразға дейін  іздеу жүйелерінен табылмайтындай етіп жауып қойғанмыз, сондағы ойымыз "идеал"-ға жету еді, әрине оған жету қиын, бірақ барынша тырыстық. Сонда да олқылықтарымыздың көп екенін білеміз.
Сын-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар, ол жұмысымызды жақсарта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.
Не десеңіздер де, ашық жарнама жасайын деп отырмын.
Мына жерге кіріп көріп, пікірлеріңізді қалдыруыңызды сұраймын :)
Толығырақ жазбаны оқыңыздар.
Балтық және ТМД елдерінің орыс тілінде жазатын жазушыларына кезекті сыйақы берілді. Осы жылы проза номинациясында жеңімпаз болып «Там город золотой» романы үшін Молдавиядан  Владимир Лорченков аталды.
Төрелер алқасын басқарған Шыңғыс Айтматов.
Жеңімпаз атанған роман – миграция туралы. Автордың айтуынша Молдавияда 4 миллион адам тұрады, соның 1 миллионы отбысын асырау үшін басқа елдерге барып жұмыс істейді. «Шын мәнінде бұл трагедия, балалар әке-шешесін көрмей өсуде. Екінші жағынан бұл күлкілі сюжет, молдавандардың Италияға қалай  баратынын суреттейді. Сонымен бірге бұл роман арман, арманның артынан қуған адамдар туралы »
Сабақты қалай өткізу керек:
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күделікті іс сияқты қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік - тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.
8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
14. Н.А. Добролюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.
Бүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу- тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз. Осы тұрғысынан сабақта халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып келеміз.
Халық педагогикасы – қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының  мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат.
Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі – халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор.
Әсіресе, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ.
Негізгі мақсат – білімнің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.
Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата – бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін өз сабағымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді сабақ сайын жүргізіп келеміз. Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді.
Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.
Бүгін ислам тақырыбына арналған қазақ тіліндегі жаңа бір блогқа жолықтым. Байқаймын, халыққа дінді жеткізгісі келетін блогшылар көбейіп келеді. Соған орай, өзім білетін блогтарға шолу жасағым келіп отыр.
Хадис ілімдеріне кіріспе деген жазбамен толықтырылған блогтың иесі жайлы еш мәлімет көрсетілмеген. Тек блогтың атына қарап, Ажар есімді қыздың әкесі болар деп топшылай аламын. Алғашқы жазбаларының бірінде блог пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетіне, дәлірек айтқанда хадистеріне арналатынын автор былай ашып түсіндіреді:
Барлық ілімдер көзі ол-Құран және пайғамбар (с.а.с) сүннеті. Ал Аллаһ кітабы Құранды қалың үмметке жеткізіп, оны түсіндіруші құрал ол-сүннет. Осы орайда халқымызға имам Науауй жинақтаған «Қырық хадис» атты кітаптағы хадистерді келтіріп, сонымен қатар ол хадистерді түсіндіріп өтуді жөн санадық.
“Садақаның ең абзалы - бір мұсылманның білім үйреніп, кейін оны мұсылман бауырына үйреткені” дегеніндей пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) оның үмметіне білім үйренуге себепкер болуыңызда Сізге ақ жол демекпін!!!
депті. Осы орайда менің поштама аптасына екі-үш рет хадистер келіп тұратынын айтқым келеді. Мәселен, бүгін мынадай хадис келді:
Пайғамбарымыз (с.а.у):
"Қиямет күнi мүминнiң таразысында көркем мiнез-құлықтан салмақты нәрсе болмайды.
Расында, Аллаһ Тағала ұятсыз және балағат сөз айтушыны жақсы көрмейдi."
(Әбу Дардаадан (р.а) Имам Тирмизи риуаят еттi)
Бұл хадистерге жазылып қою өте оңай. Ол үшін сайтқа кіріп, э-поштаңыздың адресін енгізсеңіз жеткілікті. Хадистерді жолдағанда оны тақырыбына қарай іріктей ме, әлде басқалай таңдап жолдай ма ол жағын да айта алмаймын. Бір білетінім поштама келіп тұратын хадистер Аллаһты еске түсіруге жәрдемдесіп тұрады. Аллаһ, Сізге разы болсын!
Блогымда діни тақырыптар аз көтерілгенімен, Иман блогының авторы осы блогты Ислам тақырыбындағылардың қасына тіркепті. Бұл - өте үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Шамам келгенше соған сай болуға тырысамын. Ал, Кәрім ағамыздың сайты аз ғана уақыттың ішінде өз оқырмандарын тауып үлгерді. Сайттың басты ерекшелігі - ислам тақырыбындағы мақалаларды сәтті топтастыра білгендігінде. Сондай-ақ "заңгер кеңесі" мен "ғалымнан сұраңыз" атты бөлімдерінің болуы, жобаның болашаққа арнаған жоспарлары үлкен екендігінен хабар береді. Соңғы орнатылған жазба "Ата-ананың исламдағы орнына" арналған. Мақалада автор ата-анаға жақсылық істеудің 7 жолын жақсы көрсете білген. Соның алтыншысында:
"Адал әрі ізгі ниетті бала әрдайым ата-анасы үшін Аллаһқа дұға қылып жалбарынады. Тіпті ол екеуі дүниеден өтіп кетсе де"
деп жазған.
Әзірге қазақ блогосферасы кеңістігінде араб тілін үйрететін мен білетін жалғыз ғана блог бар. Оның иесі - Томирис өз блогын "Шұғаның белгісі- Шұғыла" деп атапты. Блогтың соңғы сабағы араб тіліндегі "Дамма" хәрекетіне арналған. Жазбаларға оқырмандар тарапынан сұрақ көп түспегеніне қарағанда, тіл үйреніп жүргендерге бәрі де түсінікті тәрізді. Кейбір сабақтардың видео түрінде берілуі тіл үйренуді жеңілдететін болар.
Жандостың блогы ислам дінін белгілі деңгейді оқып, тоқыған, әйтсе де көкейінде кейбір сұрақтары бар жандарға арналған деп түсіндім. Себебі жазылып жатқан тақырыптарынан "Ислам дінін қазақ қоғамында қалай түсінуіміз қажет?" деген сұрақтарға жауап іздетінін анық байқалады. Бәрінен де маған "Валентинка? Жоқ рахмет, мен мұсылманмын" деген жазба ұнады. Соңғы орнатылған жазба мұсылман әйелінің сыртқы келбетіне қатысты. Автор мынадай бір ой айтады:
"Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мұхаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген".
Жасқазақ блогын ашқанда көзім бірінші кезекте Абай мен Шәкірімнің суреттеріне түседі. Блогта ислам дінін ғұмалардың еңбектері негізінде түсіндіруге, діннің тереңдігін данышпандардың ұлағатты сөздерімен жеткізуге тырысатыны байқалады. Абайдың қара сөздерін де осы жерден табуға болады. Мәселен:
Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадәләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсаты болса, ол жол - Құдайдың жолы. Ол - нихаятсыз (шексіз) жол... өзге жолдан не үміт бар? Абай
Эльвира жүргізетін "Өсиет әңгімелер" блогы бірінші кезекте өмірден алынған оқиағалармен және қысқалығымен ұнайды. Адамға арналған тікелей ақыл айтып, көлгірсу жоқ. "Тек оқып, өзің түйсін. Сарала. Өсиетін өзін ұғып ал" дегенді емеурін жатыр. Соңғы өсиетінде адамдар арасындағы жанашырлықтың көрінісін суреттейді. Күн өткен сайын "ал" дегеннен гөрі, "маған бер" деген сөздің жиі естіліп жатқанын мен де жиі аңғарамын.
...Блогшыларға бастап жатқан істеріне сәттілік тілеймін. Ізгілікті жеткізсем деген ниеттен туған әрбір амалдарына сауаптан жазылсын! Әзірге менің саяхатым осымен аяқталды.