Жаңаеуразияда өткен аптада төмендегідей жазбалар жарияланды.
1. Аймақтағы жас журналистердің ІІІ форумы - Қостанай қаласында өткен форумды облыстық әкімдік пен ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды. Қостанай өңірінің журналистері қазақ тілінде блог жүргізудің жай-жапсарымен, сарапатамалық мақала жазудың әдістерімен танысты. (Бейнеүзік)
2. АҚШ конгресмендері Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нобель» сыйлығын беру мәселесін қайыра көтерді - атты жазбаға пікір қалдырушылардың барлығы қазақ басшысына Нобель сыйлығының берілуін құптауда. Нұрғиса Ассылбеков: "Нұрекен алатындай еңбек сіңірді" деп санайды.
3. Шетелдіктер Астана туралы не ойлайды? - Астананың 10 жылдық мерейтойынан кейін шетелдік басылымдарға жасалған шолуда шетелдік журналист Астана мейрамы арқылы қазақ билігі халықты қазақтандыру саясатын тиімді жүргізді деген қорытындыға келген.
4. Астананың 10 жылдығына Боратты шақырту керек еді - ал американдықтар болса, Астана мейрамына Уитни Хьюстонды қандай ақшаға шақыртқанан әрі әдемі ғимараттардың қандай ақшаға салынғанын талқылауда.
5. Қазақтың екінші астанасына деген сағыныш - Ербол есімді қызылордалық өрен өзінің туған жеріне деген махаббатын баяндайды.
BarCamp (баркемп) - (бей)конференция деп аталады, яғни конференция өткізудің жаңа бір форматы. Дүние жүзінде кең тараған.
Еуропа, Американы есептемегенде, былтырдан бері Киевте, Ригада, Львовта өтті. Енді тамыз айында Бішкекте (Қырғызстан) Орталық Азия баркемпі болады деп күтілуде.
Баркемпке негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.
Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.
Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады,  бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.
Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.
Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.
Қазақстандағы түрлі баркемпке қатысқан жастар осындай конференцияны біз де өткізейік деп ұсыныс айтқан болатын, соның нәтижесі қазір тек қана сайт түрінде көрініс тауып тұр. Әзірге орыс тілінде, қазақша да, ағылшынша да жазайық деп ұсыныс айтқанмын. Сондықтан қызығушылық танытқан мамандар қажет, сайтты  жақсартуға, ыңғайлы қылуға кеңес беретін. (Cайтты жасаған Дима, логоны Даша жасады. Қазір тіркелгендер саны 12 адам.)
Қазақстанда мұндай форматтағы іс-шара әлі өткізілген жоқ, сонымен бірге мен баркемпке қазақ блогшылары, қазақ тілді ИТ мамандар белсенді қатысса екен деп ойлап едім. Сондықтан барынша хабарлап жатырмын, сонымен бірге сіздерді де белсенділік танытып қатысуға шақырамын.
Жалпы осы, сұрақтарыңызды күтемін.
PS: Баркемп кезінде презентацияларды өткізуді ұйымдастыру ерекшелігі туралы келесі жолы жазамын
Бүгін 17 мамыр. Сағат 15:55 (Алматы уақыты бойынша). 5 минуттан кейін бастайық.
Уордпрестегі аударылған бірліктер саны 3050-ді көрсетіп тұр.
Ал қош келдіңіздер!
17 мамыр күні (16:00-17:00) уордпресті бірлесіп аударайық деген ұсынысты қолдағандарды атап өтейін:
Бақытнұр,  Қуаныш,   Асхат,   Есенгүл,  baurdotnet,  Karakyz,  Мақпал .
Барлықтарыңа рахмет, ұялып пікір қалдырмай жатқандар да бар екен :) , сіздерге де рахмет !
Біразы офистің мекен-жайын біледі, сонда да жеке телефон мен офисті қалай табуды е-пошталарыңа жазып жіберемін.
Төртеуіміз офисте (Асхат, Мақпал, Karakyz және мен), қалғандары он-лайн шығады деп күтілуде. Жоспарларыңыз өзгеріп жатса айтыңыздар.
Мақпал мен Karakyz - офиске келу мүмкіншілігі болмай жатса еш реніш болмайды :)
Соңғы рет уордпрестегі аударма туралы жазғанда аударғанымыз 2432-ге түсіп қалып еді.
Енді міне бүгін сол аударма 3000 деген көрсеткішті көрсетіп тұр. Барлығы 4247 бірлік аударылуы тиіс. Яғни, әлі тағы 1247-сі бар деген сөз.
Менде мынадай ұсыныс бар (екінші рет қайталанбайды, өйткені осы жолы жүзеге аспаса ешқашанда жүзеге аспайды деген сөз ғой):
Осы аптаның соңында офисыма ағылшын тілін білетін уордпресті аударуға көмек көрсеткісі келетін 4-5 жастарды 1 сағат уақыттарын бөлуге шақырамын, олар open source, open software идеяларын түсініп қолдайтын болса тіпті жақсы :) (өйткені ақша төлене ме деген сұрақты ешкім қоймайтын болады ) Басқа қаладағылар немесе Алматыдағы, бірақ компьютері мен интернеті үйде бар азаматтар он-лайн қатысса болады.
Өткізілетін уақыты: 17 мамыр сағат 16:00-17:00 немесе 18 мамыр сағат 11:00-17:00 аралығында таңдасаңыздар болады.
Компьтердің шектеулі болуына байланысты 4-5 адам деп отырмын, өздерінің лаптопымен келгісі келгендерге есік ашық.
Егер ұйымдаса алсақ, әр жерде орналасқан адамдардың бір істі жұмыла істегенінің куәсі бола аламыз :)
Осы жерде пікірлеріңізді қалдырып, ойларыңызбен бөліссеңіздер болады.
PS: мен үшін ең бастысы аударманың санын көбейту емес (өзім жайлап аудара беремін ғой), жастар өз беттерімен шешім қабылдап, идея (бұл жерде интернетте қазақ тілін дамыту деп оқыңыз) үшін жұмыс істей ала ма, жоқ па дегенді де білу.
Ақзеренің сұрағы:
Халайық, менің блогымда “соңғы пікірлер” категориясы жоқ. Соны қалай шығарсам болады?
Уордпресте пікірді (оң жақ немесе сол жақ бағанада) көрсету үшін келесі әрекеттерді істеңіз:
Құрал-саймандар      тақтасына барыңыз.
Дизайн (Design) бөліміне      кіріңіз.
Екінші жолда      тұрған «Уиджеттер» дегенге кіріңіз.
Ашылған беттегі      тізімнің ішінен «Соңғы пікірлер» дегенді таңдап, «Қосу» түймесін басыңыз.
Ол оң жақ бағанада      пайда болады (ең соңында тұрады)
Қаласыңыз оны тышқанмен      ұстап қалаған жеріңізге ауыстыруға болады.
Соңында «Өзгерістерді      сақтаңыз» түймесін басыңыз.
Блогыңызға кіріңіз      де «Соңғы пікірлерді» көріп риза болыңыз :)
Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.
Қызық... Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: "Қандай адам, тілі неткен әдемі", - деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!
Адамдармен кездесуге барғанда мына тақырыпта сөйлесемін, мынаны сұраймын деп нақтылап алатының болады да, дәл сол кісімен кездескенде басқа тақырыпта әңгімелесіп, әлгі сұрағың тасада қалатыны болады. Сондай бір сұрағымды сұрай алмай қалдым деп, жолда ойланып келдім. Кәсіби аудармашы ретінде "Блогшы" дегеніміз жөн бе, әлде "блоггер" ме? Біріміз блогшы, енді біріміз блоггер деп жүрміз.
Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.
Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).
Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.
Оның ішінде:
wordpress.com – 33
blogspot.com – 29
livejournal – 3
blog.ru – 1
жеке домені барлары – 9.
Жеке домені бар 9-дың ішінде:
.kz – 5
.info – 1
.net – 1
.com – 1
.de – 1
Тізімдегі 2 блог өшірілген немесе мекен-жайы өзгертілген.
Халықаралық жобаның қолдауымен 1 блог жұмыс істейді.
Бірнеше блогы (2-3) бар блогшылар саны – 4.
2007 жылдан бері жаңартылмаған блогтар саны – 8 (нақтылауды қажет етеді).
Блогшылардың мамандығы бойынша зерттеу болашықтың ісі, қазір мен тек екеуіне тоқталайын: журналсист және мұғалім.
Журналистердің блогтары: жалпы саны 13
Оның ішінде:
wordpress – 8
blogspot – 4
livejournal – 1
2007 жылдан бері жазба жазылмағандары: 4
Соңғы 3 айда жазба жазылмағандары: 2
Мұғалімдердің блогтары: 3 (мектепте физика мұғалімі, колледж, университет) (тағы 1 блог бар, бірақ ол жаңартылмайды)
Бір жерден блог ашуға мүмкіндік беретін блог-портал  – 1. Қазіргі таңда ол жерде ашылған блогтар саны – 8. (Әзірге бұл мәліметтер есепке алынбайды)
Сонымен, осы мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жасап көріңіздер.
(Жалғасы бар)
Кеше ғана уордпресті аудару барысы 2800-ге жетті деп мәз болып отыр едім, бүгін аудару жүйесіне кіріп, көңілім су сепкендей басылды.
kk — Қазақ тілі
2432 of 4235 strings
дегенді көрсетіп тұр.  Бұған дейін барлық тіркестер 3434 еді, қазір 4235-ке жетіпті. Сөздердің санының азайғанына қарағанда, жаңалары қосылып ескілерін алып тастаған ба...
Бұл түрмен уордпресті аударудың соңына жетпейтін болдым ғой :)
Уордпрестің құрал-саймандар тақтасын (dashboard) өзгерткенін көрген боларсыздар. Ол туралы мына жерде пікір қалдырылыпты.
Бұрынғыға үйреніп қалыппын, бұл нұсқасының "+" немесе "-" жақтарын уақыт көрсетер.