Бразиль байрағының астында
Мынау үш жасар ұлымның пластмасса “әскерінің” байрағы. Осы байрақтың астында  баламның “жауынгерлері” “жан алысып, жан берісіп” жатады. Жалауды құтқару – “соғыстың” кульминациясы: әдетте жарты сағаттай “қан майданнан” кейін, ұлым байрағы бар “жауынгерді” салтанатпен...сөмкеге атып ұрады. Балам үшін “соғыс” – бітті. Бірақ аңғал ұлым оның жаны мен тәні үшін мына өмірде жан түршігерлік арпалыс болып жатқанын білмейді. Қаны қазақ екенін ұмыттыруға жасалған далбаса ойыншық тек оның ұшар басы ғана екенін қайдан білсін үш жасар бүлдіршін? Қазақы қуыршақ түгілі, балаларға арналған қойыртпақ тақпағы да бұйырмаған мемлекеттің бюджетінде - балаларға базарлық қарастырылмаған. Олардың уақыты жоқ, тым тығыз: қарапайым адамдарға қарай он қадам; отыз корпоративтік көшбасшы; елу елдің қатары; жүз аурухана – жүз мектеп, тағысы тағылар. Жарайды, жарайды, қоғам! Шамам жеткенше ұлымды қытайдың автобусымен қазақы балабақшаға жеткізіп, бояуға алып берген орысша кітаптарды қазақшалап айтып, жаманды-жақсылы тәрбие беріп жатырмын деп ойлаймын. Әттең, тек: балам үшін хас жауынгер мен жүрекжұтқан батыр болып - әлгі қос мылтық асынған, сұсы адамжегіштей бразиль әскері болып тұр.
Мүсінші де емеспін, қап: балшықтан күйдіріп Кенесарыны жасап беріп, ұлыма Орынборды  “алдыратын ”!
Вайс қалашығындағы қырғын
Енді, неге екені белгісіз, әйтеуір біздің функционерлер өркениеттің шыңы деп есептейтін – компьютерге ойысайық. Баламның қолында – руль, аяғында – педаль. Үш жасар баладан жол қауіпсіздік ережелерін талап ету күпіршілік болар, дегенмен оның азартына қарап отырып, оны білсе де – сақтауға мүдделі емес пе деп қорқамын. Себебі, жанұшыра қашқан Вайс қалашығының бейбіт тұрғындарын оңбастай етіп езген сайын... о, тоба! – ұпай қосыла береді! Әрине, мұндай “бассыздыққа” шыдамаған кейбір “көзі қарақты, батыл жүректі қала тұрғындары” “тоқтатып” алып, ұрмақ болады. Хех, “кім менің Асқарыма тиіскен”: ұлымның “қойнында” жасырулы қанжар әп-сәтте-ақ қыл мықыннан қадалып, монитордың әрбір шаршы сантиметріне шамамен екі шелек қан атқақтап, сорлы “жан тәсілім етеді”. Балам рахаттана алақандарын шапалақтап, тамаққа тәбеті ашылады...
Уолфенштейн қамалындағы операция
Блог оқитындай сауаты бар Сіз бен Бізді “Дискаверилер” “соғысты біз жеңдік!” деп, әмірикандарға тән шоуға бергісіз деректі фильмдермен улап жатса да, Мәскеу үшін тас мүсін болып тұрып, сақылдаған автоматты кеудесімен жапқан аталарамызды көзіміз көргесін бе, “әй, Қожанасырлар-ай!” деп, қолды бір сілтеп отыра беруіміз мүмкін. Алайда, дат, оқырман тақсырлар! Келесі ұрпақ та Бауыржандар мен Рахымжандарды біз сияқты қадірлейтініне күмән келтір-гін! Себебі, айтылмыш ұлым ойнайтын тағы бір ойында қазақы есім таңдасаң да – американдықтың дамбал-шалбарын киініп, күзеті Ұлттық Банкке бергісіз Уолфенштейн қамалында қамалып отырған достарыңды құтқаруға барасыз! Режиссура – ооооооо!!! Қарғыс атқыр түрменің есігіне жеткенше, “жарылған бомбалардан құлақ тұнып”, шынжыртабандар “қорғаныс шебін” қақыратып, не керек: Қасым Қайсеновтің кітабы далада қалады! Соңында әрине, американ жалауы желбіреген штабқа салтанатпен келесіз. Өзіңіздің американдық болып туғаныңызға... кешірерсіз, американдық ойында - американдық қазақ болып туғаныңа риза болып, шаттанып кетесіз!
Қорытынды
Бір қызық айтайын, осы қорытындының керегі де жоқ ау деймін, хых-хы-хы...
'Alqa' a new Kazakh newspaper
Originally uploaded by Asqat
Жұлдыз Әбділдә қайда кетті деп сұрау салушылар болса, тыңдаңыздар!
"Қазақ зиялыларына қапамын" деген Жұлдыз Әбділдә қазір "Алқа" деген журнал шығарады. Газетті қолға ұстап көргендер "Жылтыр газет" деп те жатыр. Алғашқы саны жарыққа шықты. Сатылымға түскен түспегенін білмеймін. Бір қызығы, газеттің соңында Жұлдыз гмейлдегі поштасын көрсетіпті :)
Қағаздарымның арасына бір кездері жазып қойыппын, аударманы кім жасағанын, өкінішке орай білмейді екенмін.
Болу яки бордай тозу -
Бар сауалдың түйіні.
Сұм тағдырдың соққысына
Үнсіз төзу иә бұлқыну.
Бес қаруға қол созу,
От құшуға, оққа ұшуға
Басты тігіп ұмтылу ...
Гуглге балалар әдебиеті деп сұраныс берсең ағылшын тілінде 2,620,000, орыс тілінде 4,090,000, қазақ тілінде 4,680 деген нәтиже береді.
Бұл жерде қанша нәтиже көрсетіп тұрағаны маңызды емес әрине, басқа тілдер де балалар әдебиетіне қатысы жоқ нәрселерді көрсетеді. Айтқым келгені басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде балалар әдебиетіне арналған портал, немесе виртуалды кітапхананың жоқтығы.
Мысалы, орыс тілінде іздеу барысында нәтиженің алғашқыларының қатарында ақысыз балалар әдебиетінің электрондық кітапханасы KIDSBOOK, Балалар кітапханасы , толып жатқан басқа да виртуалды электрондық кітапханалар, тіпті балалар әдебиеті қауымдастықтары да т.б. бар екен.
Сонымен, кімнің құлағына алтын сырға дейін, ең бірінші баласының қандай кітап оқитынына алаңдайтын ата-ананың болар.
BarCamp (баркемп) - (бей)конференция деп аталады, яғни конференция өткізудің жаңа бір форматы. Дүние жүзінде кең тараған.
Еуропа, Американы есептемегенде, былтырдан бері Киевте, Ригада, Львовта өтті. Енді тамыз айында Бішкекте (Қырғызстан) Орталық Азия баркемпі болады деп күтілуде.
Баркемпке негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.
Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.
Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:
1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады,  бірігіп спонсорлар табады (иә табуға көмектеседі).
4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.
Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады, және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.
Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой.
Қазақстандағы түрлі баркемпке қатысқан жастар осындай конференцияны біз де өткізейік деп ұсыныс айтқан болатын, соның нәтижесі қазір тек қана сайт түрінде көрініс тауып тұр. Әзірге орыс тілінде, қазақша да, ағылшынша да жазайық деп ұсыныс айтқанмын. Сондықтан қызығушылық танытқан мамандар қажет, сайтты  жақсартуға, ыңғайлы қылуға кеңес беретін. (Cайтты жасаған Дима, логоны Даша жасады. Қазір тіркелгендер саны 12 адам.)
Қазақстанда мұндай форматтағы іс-шара әлі өткізілген жоқ, сонымен бірге мен баркемпке қазақ блогшылары, қазақ тілді ИТ мамандар белсенді қатысса екен деп ойлап едім. Сондықтан барынша хабарлап жатырмын, сонымен бірге сіздерді де белсенділік танытып қатысуға шақырамын.
Жалпы осы, сұрақтарыңызды күтемін.
PS: Баркемп кезінде презентацияларды өткізуді ұйымдастыру ерекшелігі туралы келесі жолы жазамын
Бүгін 17 мамыр. Сағат 15:55 (Алматы уақыты бойынша). 5 минуттан кейін бастайық.
Уордпрестегі аударылған бірліктер саны 3050-ді көрсетіп тұр.
Ал қош келдіңіздер!
17 мамыр күні (16:00-17:00) уордпресті бірлесіп аударайық деген ұсынысты қолдағандарды атап өтейін:
Бақытнұр,  Қуаныш,   Асхат,   Есенгүл,  baurdotnet,  Karakyz,  Мақпал .
Барлықтарыңа рахмет, ұялып пікір қалдырмай жатқандар да бар екен :) , сіздерге де рахмет !
Біразы офистің мекен-жайын біледі, сонда да жеке телефон мен офисті қалай табуды е-пошталарыңа жазып жіберемін.
Төртеуіміз офисте (Асхат, Мақпал, Karakyz және мен), қалғандары он-лайн шығады деп күтілуде. Жоспарларыңыз өзгеріп жатса айтыңыздар.
Мақпал мен Karakyz - офиске келу мүмкіншілігі болмай жатса еш реніш болмайды :)
Жалғасы. Басы 5, 6 мамырдағы жазбаларда.
Ұмытып кетіппін ғой,
блогшылардың 52-і ер жігіт болса, 19-ы айдай сұлу арулар :)
Ескерту: сандарды бір-біріне қосқанда блогтардың жалпы саны шықпайды, өйткені арамызда 2-3 блог жүргізетіндер бар.
Өзім блог басталғалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.
Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).
Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.
Оның ішінде:
wordpress.com – 33
blogspot.com – 29
livejournal – 3
blog.ru – 1
жеке домені барлары – 9.
Жеке домені бар 9-дың ішінде:
.kz – 5
.info – 1
.net – 1
.com – 1
.de – 1
Тізімдегі 2 блог өшірілген немесе мекен-жайы өзгертілген.
Халықаралық жобаның қолдауымен 1 блог жұмыс істейді.
Бірнеше блогы (2-3) бар блогшылар саны – 4.
2007 жылдан бері жаңартылмаған блогтар саны – 8 (нақтылауды қажет етеді).
Блогшылардың мамандығы бойынша зерттеу болашықтың ісі, қазір мен тек екеуіне тоқталайын: журналсист және мұғалім.
Журналистердің блогтары: жалпы саны 13
Оның ішінде:
wordpress – 8
blogspot – 4
livejournal – 1
2007 жылдан бері жазба жазылмағандары: 4
Соңғы 3 айда жазба жазылмағандары: 2
Мұғалімдердің блогтары: 3 (мектепте физика мұғалімі, колледж, университет) (тағы 1 блог бар, бірақ ол жаңартылмайды)
Бір жерден блог ашуға мүмкіндік беретін блог-портал  – 1. Қазіргі таңда ол жерде ашылған блогтар саны – 8. (Әзірге бұл мәліметтер есепке алынбайды)
Сонымен, осы мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жасап көріңіздер.
(Жалғасы бар)
Бір қарағанда бәрі оңай болып көрінеді ғой, кей кездері "келдім, көрдім, мақсатыма жеттім" дегің келеді. Бірақ ... , осы бірақ кедергі болады да тұрады :)
Дегенмен, сіздерге бір хабар айтқым келіп отыр: "Қазақ тілінде бірінші блог платформа аштық ашуға талпыныс жасадық" десек қалай қарайсыздар? Мына жерге кіріп көріңіздер.  Мақтаншақтық, асыра сілтеу негізі бойыма тән нәрсе емес деп ойлаймын. Басты ойымыз блог платформа ашу еді, қаншалықты қажет, ойымызды жүзеге асыра алдық па, болашағы не болмақ. Осы және тағы да басқа сұрақтар мазалап жатыр әрине.  Істелетін жұмыс та көп,  сондықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз керек-ақ.
Біразға дейін  іздеу жүйелерінен табылмайтындай етіп жауып қойғанмыз, сондағы ойымыз "идеал"-ға жету еді, әрине оған жету қиын, бірақ барынша тырыстық. Сонда да олқылықтарымыздың көп екенін білеміз.
Сын-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар, ол жұмысымызды жақсарта түсуге септігін тигізеді деп сенемін.
Еліміздегі бір журнал аталған мақаланы аударып беруімді өтінген еді. Сұхбатты оқып отырып, украинадағы ұлттық саясаттың бастау негізі қайда жатқанын түсіндім. Түсіндім де, Катерина Ющенконың өмірі өзгелерге де ой салар деген оймен ықшамдалған нұсқасын жариялағанды жөн көрдім:
Катерина Ющенко – Украина Президентінің жұбайы, «Украина 3000» қайырымдылық қорының басшысы:
– Мен америкадағы украин эмигрантардың отбасында тәрбиелендім. Бөтен елде әпкем екеумізге жақсы тәрбие, озық білім беру оңай болмады. Әке-шешеміз біздерді еңбексүйгіштікке баулып, «Америка өз қабілеттеріңді танытып, білікті маман атанып жақсы жұмыс табуға мүмкіндік беретін ел екенін» ерте бастан түсіндірді. Әке-шешем өте қарапайым жандар. Әкем – электрик, анам үй шаруасында болғанына қарамастан маған сапалы білім беруге барлық жағдайды жасады. Әке-шешеме оқуымның ақшасын төлеуге жәрдемдесу үшін 15 жасымнан даяшы, бала күтуші болып жұмыс істедім.
Сонымен қатар медицина, мәдениет, білім саласындағы өткір мәселелерді шешіп, адамдардың өмірін жақсартуға себепші бола алатын жұмыстар да атқара алатын мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, пайдалы істер атқаруға тырысамын. Бұл істерді қуана-қуана орындаймын және балаларымды да осы бағытта тәрбиелеудемін.
Маған «бірінші ханым» деген сөз тіркесі ұнаңқырамайды. Ол америка тәжірибесінен алынған. Ал Украинада екінші деңгейлі әйелдер жоқ деп ойлаймын. Сондықтан «Президенттің жары» деген жөн.
– Президенттің әйелі болу оңай ма?
– Президент әйелі болу үлкен мәртебе болғанымен, оңай емес. Украинадағы, Қазақстандағы көптеген әйелдер тәрізді мен де аналық міндеттерім мен жұмысымды үйлестіре атқарамын. Жұмыс істеп жүрген аналар мені түсінер деп ойлаймын. Ресми кездесулерде жұбайымның қасындамын. Өзім басшылық ететін «Украина 3000» қорының жұмыстарымен де іссапарға көп шығамын.
– Бағыңыздың ашылуына не түрткі болды? Жақсы білім бе әлде туа бітті көшбасшылық қасиеттеріңіз бе?
– Мен америкадағы украин эмигрантардың отбасында тәрбиелендім. Бөтен елде әпкем екеумізге жақсы тәрбие, озық білім беру оңай болмады. Әке-шешеміз біздерді еңбексүйгіштікке баулып, «Америка өз қабілеттеріңді танытып, білікті маман атанып жақсы жұмыс табуға мүмкіндік беретін ел екенін» ерте бастан түсіндірді. Әке-шешем өте қарапайым жандар. Әкем – электрик, анам үй шаруасында болғанына қарамастан маған сапалы білім беруге барлық жағдайды жасады. Әке-шешеме оқуымның ақшасын төлеуге жәрдемдесу үшін 15 жасымнан даяшы, бала күтуші болып жұмыс істедім.
Көшбасшылық қабілетім украина диаспорасының жұмыстарын белсенді атқарудан ашылды. Украинаның тәуелсіздігі, оның көркейіп дамуы, украин тілін, тарихын, ділін сақтап қалу біздің жұмысымызда маңызды мақсаттарымыз еді. Осы үшін украин шіркеулері, мәдени орталықтар, сенбілік мектептер, жастар ұйымдары құрылды және бұның барлығы мемлекеттің қолдауынсыз украина диаспорасы мүшелерінің демеушілігімен жұмыс істеді.
– Сіздің мамандығыңыз қандай?
– Сөз басында айтып өткенімдей АҚШ-та білім алдым. 1982 жылы Джорджтаун Университетінің дипломатиялық қатынастар факультетін үздік бағаға тәмамдап, халықаралық экономика бакалавры дипломын иелендім. 1985 жылы Гарвард университеті жанындағы Украинаның жазғы студиясын аяқтадым. 1986 жылы Чикаго университетінің «Түсімсіз қоғамдық жобаларды басқару» және «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша бизнес-әкімшілік магистрі атандым.
– Өзіңіз басқаратын қайырымдылық қордың мақсаты туралы әңгімелеп беріңізші?
– Біздің қорымыз «Украина 3000» деп аталады. Оны 2001 жылдың басында менің күйеуім құрды. Атаудың өзінде үшінші мыңжылдықтың көрініс табуынан біздердің өткенді сараптап, болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін бүгіннен бастап әрекет ететініміз көрініп тұр. Біз ұмытыла бастаған қайырымдылық дәстүрін жаңғыртып қана қоймай, бұл іске көптеген компаниялар мен ұйымдарды, қарапайым адамдарды жұмылдырғымыз келеді.
Әріптестерімізбен бірге біз украиндықтардың тамыры тереңде жатқан ата-баба тарихы мен дәстүрін, бұрынғы өткен рухани мұрасын мақтан тұтып, өз күшіне деген сенімдерінің оянғанын қалаймыз.
– Қандай да бір сүйікті ісіңіз бар ма?
– Мен украин өнері мен тұрмысына қатысты бұйымдарды жинағанды қатты жақсы көремін. Ана мен бала бейнесі бар живопистерді коллекциялаймын. Сондай ақ бөлме дизайны мен архитектарусын жасаумен шұғылданамын. Әртүрлі халықтардың тағамдарын пісіріп, қонақасы бергенді жақсы көремін. Алайда ең басты басымдық ол менің отбасым. Жұмыс кестем тығыз болып, көп уақтым іссапарларда өтуіне қарамастан, бес балам мен екі немереме көп уақытымды арнауға тырысамын.
Балаларыммен пікірлесіп, әңгімелесуге уақытымыз аз. Сондықтан күйеуім екеуміз әрбір бос минуттарымызда олармен бірге болуға тырысамыз. Түбі олар бұл Украина тарихындағы айрықша кезең болғанын және көп шаруа атқаруға тура келгенін және бұл істе олар да өз үлестерін қосқанын түсінер деп ойлаймын.
– Күйеуіңіз екеуіңіз саясат тақырыбында әңгімелесесіздер ме?
– Украина азаматшасы ретінде, әрине, менің де өзімнің көзқарастарым, саяси ұстанымдарым бар. Кей кездері бұларды жан жарым біле жүрсе екен деймін. Бірақ, сенесіз бе, 12-14 сағаттық жұмыстан келген соң күйеуім саясат туралы әңгімелескісі келеді. Біз балаларымыз, олардың сабақтары, жетістіктері, жоспарларымыз туралы әңгімелесіміз. Кей кездері ауруханалар мен мектептер, балалар үйлерінен алған әсерлеріммен бөлісемін.
– Виктор Андрейұлы отбасында қандай жар? Сіздер демалыстарыңызды қалай өткізесіздер?
– Біз үшін физикалық жұмыс нағыз демалыс болып саналады. Киевтегі демалыстарымызда аз ғана сағатымызда еңбек жұмысымен айналыса аламыз. Егер Киев сыртына шығар мүмкіндік болса, тауға шығып, суда жүзіп, жаңа жерлерді зерттеп, жаңа бір істермен шұғылданамыз.
Үйімізде украин тұрмысына қатысты киімдер, құрал-саймандар, қолөнер бұйымдардың үлкен коллекциясы бар. Виктор Андрейұлы осының барлығын келешек ұрпақ ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қалай тамақ пісіріп, тоқыма тоқығанын, не кигенін біле жүрсін деген мақсатпен жинап жүр. Уақыт өте украин тұрмысына арналған шағын мұражай ашатын шығармыз.
Менің жарым балаларын қатты жақсы көреді. Әрқайсысын тұлға ретінде сыйлап, олардың бойындағы қабілеттерін дамытуға ат салысады. Балалармен араласып, пікірлесуді ол ең жақсы демалыс деп түсінеді. Ол балаларға жастайынан еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, ұлтқа деген махаббат тәрізді қасиеттерді сіңіру қажет деп біледі. Біз балаларымызды ресми іс-шараларға жиі ертіп барамыз. Олар осы бастан өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінуі қажет деп ойлаймыз. Балаларымыздың шетел тілдерін меңгеріп, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауды осы бастан үйренгендері маңызды деп санаймыз.
– Әйелдер қозғалысын қолдауыңыздың сыры неде?
– Украина еуропаның ықпалдасуына қарай бағыт түзейтінін мәлімдеді. Бұл дегеніміз қоғамдағы гендерлік теңдікті қағаз жүзінде емес, іс жүзінде ұстану деген сөз. Егер әйелдерге экономикалық жақсы жағдайлар жасап, отбасы мен жұмысын қатар алып жүре алатын мүмкіндік берсек, еліміз өмір сүру деңгейі жоғарылап, сапалы медицина мен білімі, қоршаған ортасы таза әлеуетті мемлекетке айналады.
Мақаланың дереккөзі: businesswomen.kz журналы
Сәлем! Кішкене қуанышыммен бөлісейін деп едім!
"Жаңа еуразияның" статистикалық мәлімттерін қарап едім, соңғы бір айдың ішінде Жаңаеуразияның қазақша нұсқасы оқылымы жөнінен үшінші орынға көтерілген еді. Орта есеппен бір күнде шамамен 450-500 адам біздің блогты оқып тұрады екен. Бүгін төртінші орында тұр екенбіз.
Бірінші орында Ағылшынша нұсқа
Екінші орында Қазақстандық ағылшынша нұсқа
Үшінші орында Өзбекстанның ағылшынша нұсқасы
Төртінші орында Қазақстандық қазақ тілді нұсқа
Менің ойымша бұл қазақ оқырмандарының интернетте қазақ тіліндегі мәліметтерге деген сұранысының көбейгендігін, интернетті қазақ тіліндегі блогтардың күн санап белсенділігін танытып келе жатқанын көрсетсе керек.Бізді Тәжікстанның ағылшынша нұсқасы өкшелеп қуып келеді екен. :)Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Жай ғана кішкентай болса да қуанышымызбен бөлісейін дегенім ғой.
Өткенде бір блогшымыздың банктен несие алуға барып, құжаттардың ретсіздігіне күйінгені есімде (Өкінішке қарай ол блогшы өз блогын өзгертуіне байланысты сілтеме бере алмай отырмын). Осыған ұқасас жағдай Елсеріктің де басынан өткен. Содан салып ұрып, сол банктің сайтын қарап едім. Сайтта қазақ тілі бөлімі көрсетілгенімен істемейді. Сайт тек орыстілділер үшін, яғни банк те тек қана орыстілділер үшін жұмыс істейді деген ойға келдім. Мән-жайға қанық болу үшін сайт басқармасына:
Сайттарыңыз не себепті тек орыс тілінде?
Сайттағы қашықтықтан қызмет көрсетуді тек қана орыс тілділер ғана қолдана ала ма? Бұл жайтты тілдік бөліну деп қабылдайтындарға не айтасыздар?
деген сауалдарымды жолдадым:Ертесіне дереу хат келді:Уважаемый Асхат,От имени администрации банка, благодарю Вас за обращение. По сути Вашего письма, сообщаем, что на данный момент ведется разработка новой версии сайта Каспийского банка, которая будет вестись на трех языках, включая государственный. Если у Вас будут конкретные предложения по версии на государственном языке, будем рады их рассмотреть. С уважением,Лариса ПакДиректор по корпоративным коммуникациям тел: 2501-800 вн.1099Бұл мен үшін жаңалық емес еді. Көпшілігі дерлік: "Сайт жаңару үстінде. Қазақ тіліндегі нұсқасын енді дайындап жатырмыз"деген жауаптар береді. Менің ойымша, егер қазақ блогшылары бірігіп, осы жайты назарға алып, қайта-қайта тексеріп, талап етіп хат жазып отырсақ олар қазақ тіліндегі сайтты тез арада шығаруы керек.Екінші сауалым, біздің блогшы тап болған мәселеге арналды. Яғни, несие алуға арналған келісім-шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасы мен орыс тіліндегі нұсқасының сәйкеспеуі жөнінде. Бұл сауалымды Жомарт есімді азаматқа жолдадым. Ол аймақтағы бөлімшелерде несие беру ісін үйлестірумен айналысатын маман."Каспийский банкі" Қазақстандағы танымал банктердің қатарына жатады. Бұл орайда банктегі атқарылып жатқан оң өзгерістер көзге бірден түседі. Таяуда Қазақстандағы банткердің сайтына сараптама жасап көріп едім. Өкінішке қарай, "Каспийский банкінің" сайты тек қана орыс тілінде екенін байқап қалдым. Осыған орай менің төмендегі сауалдарыма белгіленген күннен кешіктірмей жауап беріуіңізді өтінемін.
Сіздердің тұтынушыларыңық банктен несие алғысы келгенде екі тілдегі (қазақ, орыс) келісім-шарт толтырады екен. Алайда, орыс тіліндегі нұсқасында егер дау туа қалса, келісім-шарттың орыс тіліндегі нұсқасы ғана жарамды деген пункт бар. Осы жайтқа түсінік бере кетсеңіз?
Әзірге ешкімнен жауап келген жоқ.
Жомарт хатыңызды ресми бланкпен толтырып, жолдаңыз. Біз оны канцелярига одан соң тиісті жауап беретін өкілге табыстаймыз деді. Шындығында БАҚ туралы заң бойынша журналист тарапынан қойылған сауалдарға үш күннің ішінде жауап берілуі тиіс. Бұл сауал сондай-ақ журналист емес, қарапайым тұтынушының да сауалы деп қарастыратын болсақ тұтынушысын сыйлаған банк тез арада жауап беруі керек еді.Ескерту: Мақаланың толық нұсқасы таяуда "kz.kazakhstan.neweurasia.net" блогында жарияланады.
"Ана тілі" газетіне арнап Интернеттегі қазақ тіліне қатысты бір мақала жазған едім. Мақаладан гөрі жеке пікірге көбірек ұқсап кетті. Дегенмен де қазақ баспасөзіне қазақ блогшылары деген тіркес жол тартты.
Тың түреңге бет алған қазақ тілінің әлемтордың соқтықпалы, соқпақсыз сайттарында қате болса да көрініс тауып, қолданып жатқаны көңілді кіжіңдеткенімен, барына шүкіршілік етемін. Әрине, «электронды кеңістікте қазақ тілінің бір ізге түсуін неге қадағаламайсыз?» деп, әлдебіреудің ауласына тас атуға болар еді. Одан не өзгереді? Ал билік «электронды үкімет» жобасын өзі үшін емес, халық игілігі үшін іске қосса, сөзсіз мемлекеттік тілде болады. Кері жағдайда «бодан» биліктің бетіне интернеттің өзі түкірмек! Қазақ халқы үшін орыс тілінде жұмыс істейтін электронды үкіметтің, «лохотронды» үкіметтен айырмасы жоқ болатын шығар, сірә да!
Қазір мәжбүрліктен мемлекеттік тілде сайт ашқан ресми мекемелер мен қала, облыс, аудан әкімдіктерінің веб-порталдары бар. Бұлардың ішіндегі шоқтығы биігі, өзге ресми сайттарға үлгі боларлығы Ақорданың сайты екенін атап өткенім орынды болар. Сайт басында интернет сайтты жүргізе білетін адам отырғаны бірден ағарылады. Елбасының жүріп-тұрғаны, аузынан шыққан әрбір сөзі сайтта көрініс тауып отырады. Тек кей кездері орысшасы бұрынырақ жарияланып, қазақшасы аударманың себебінен кешігетіні бар. Аударма демекші ресми сайттардың ең осал тұсы осы. Мәселен, Қаржы Министрлігінің немесе Алматы Аймақтық Қаржы орталығы, Алатау Ақпараттық технопаркі сайтының қазақша сөйлеуі әзірге қиындау. Себебі шынайы өмірдегі терминдер мәселесі сәтті шешімін таппайынша виртуалды өмірдегі ғұмырлары мән-мағынасынан айрылмақ. Ақпарат Министрлігінің Мәдени мұра бағдарламасының сайты да ішкі мазмұнымен құнды. Тек жиі-жиі жаңартылып отырса дейсің.
Халықаралық IDC-тің (Халықаралық мәлімет корпорациясы) зерттеулері бойынша, Қазақстан Орта Азия елдері ішінде компьютерді пайдаланушылардың саны жөнінен алда келеді. IDC бұл санақты қалай жүргізгені белгісіз, бірақ ауылдағы мектептерде компьютер болғанымен пайдаланылмай ысырап болып жатқандары жеткілікті. Ал Еуропа және Қауіпсіздік Ұйымының зерттеулері бойынша Қазақстан халқының тек 9 пайызы кем дегенде жұмасына бір рет интернет қызметін пайдаланады. Ал, «Қазақтелеком» қызметкерлері «800 мыңнан аса абонеттеріміз Интернет қызметіне қосылды», – дейді. Интернетті пайдаланушылардың үлкен бөлігі Алматы мен Астана, Қарағанды тәрізді үлкен шаһарларда тұрады. Сөзсіз, күн өткен сайын қолы қалт еткенде интернетті кезушілер көбеймек.
Ескерту: толық нұсқасы "Мәссағанда".
Балам менің, бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің іздеп табарсың.
Т.Молдағалиев
Бізде қазақта: «Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра» деген мәтел бар. Мақал-мәтелдерді мектеп партасынан бері пәлсапалық тұрғыдан қарастыруды үйреткендіктен, оның күнделікті өмірдегі пайдасын сезіне бермейді екенбіз. Шындығында қазақ журналистикасына қадам басқан әрбір жас үшін мақал-мәтел, нақыл сөз, ырым-тыйымдардың пайдасы ұшан теңіз. Бүгінгі ғаламдасу заманында әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс істеу стилінде де ерекшеліктер байқала бастады. Менің ойымша, қазақ журналистикасының бір ерекшелігі – тамырын ұлт болмысынан өрбітетін мақал-мәтелдердегі астарлы ой мен эмоционалды-экспрессивті реңктің көптігінде, оны ұтымды пайдалана білуде.
Төменде келтірілген пайымдауларымда белгілі журналистерді өз мақалаларында мақал-мәтелді қалай пайдаланғаны турасында мысалдар келтірмейтіндігімді бірден ескертемін. Себебі тұрақты тіркестерге тұнып тұрған ойлы мақалаларды кез-келген газет бетінен табуға болады. Ал оның орынды немесе орынсыз қолданғанын анықтау өз еншіңізге қалдырайын. Өйткені мен мақал-мәтелдер журналист болып қалыптасуда көрсетер жәрдемі туралы әңгімелемекпін.
Көп білгеннен сұрама, көп көргеннен сұра
Бірде «НТК» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін жақын досым тақырып тауып беруін өтінген-ді. Газет шығатын күннің қарбалас болатынын сылтауратып, сыпайы ғана жауаптан жалтармақшы едім. Кенеттен таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген тосын оқиға есіме түсе кетті. Алматының көліктері таңертеңгі уақытта көлікке кептеліп қалатынын жақсы білесің. Терезеден  сыртқа қарап отыр едім, кастюм киген жігіт ағасы роликпен көше шетіндегі жолмен сырғанап кетіп барады. Иығына жолдорбасын асып алған. Шетелдікке ұқсамайды. Шамасы бір кәсіпкер болар деп ойлағанмын. Тележурналист досыма осы оқиғаны, әрі қызметкер келіншектің қызы жұмысына кешікпес үшін велосипедпен келуде әдетке айналдырғанын әңгімелеп бердім. Кейін ол осы тақырыпты пайдаланған, пайдаланбағанын білмеймін, алайда мен оған қызық тақырып ұсына алдым деп ойлаймын. Себебі, ролик киген адам арқылы, Алматыдағы өмірдің «батыстанап» бара жатқанынын, бұған көлік тығындарының себеп болып жатқанын немесе таяу арада роликтерге деген сұраныстың қымбаттай түсетінін, көшеде роликпен арнайы жүруге арналған жолдың жоқтығын т.б. мәселелерді өрбітіп қызықты сюжет жасауға болар еді. Журналист үшін көру, байқау, білгенін айту өте маңызды екенін мен сол жолы өз-өзіме тағы бір мәрте дәлеледеген едім. Қазақ қашан қалт айтқан?! Жалғасы мында